

Алматы қаласының индустриялық аймағы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамуының Стратегиялық жоспары мен Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған. Индустриялық аймақтың жұмысы Кәсіпкерлік кодексімен және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасымен реттелген.
Индустриялық аймақ жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған және, бірінші кезеңде, Алматы қаласында өнеркәсіптің басымды бағыттарын дамытуға арналған – ол машина жасау және метал өңдеу, тамақ, жеңіл, фармацевтік, химия өнеркәсіптері және құрылыс материалдарын өндіру. Сонымен қатар, қаланың тұрғын аудандарынан өнеркәсіп кәсіпорындарының орын ауыстыруына, технологиялық, инновациялық өнім шығаруға, импортты алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларға артықшылық көрсетіледі.
Алматы қаласының индустриялық аймағын құруға, оның ішінде өнеркәсіп өндірістері мен тиісті инфрақұрылымның – автомобиль мен темір жолдарының, логистикалық пен әкімшілік орталықтарының құрылысына және оларға қызмет көрсетуге арналған Алатау ауданындағы 490 гектар бос алқаптар бөлінген. Бүгінгі күні 40 компания индустриялық аймақтың қатысушысы болып табылады, жоспарланған жеке инвестициялардың жалпы сомасы 191,3 млрд. теңгені құрайды, өндірістерді пайдалану кезінде 4 905 тұрақты жұмыс орны ашылады. Шығаруға жоспарланған өнімнің де спектрі өте кең – балмұздақтан бастап мұнайгаз өнеркәсібінде қолданатын болаттан жасалған құбырларға дейін.
Инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:
1) кәсіпкерлік субъектісінің басқарушы компаниясына жолдануы және өтінім беруі;
2) өтінім бойынша эксперттік қорытынды дайындау, Алматы қаласы әкімдігінің Аумақтық үйлестіру кеңесіне жобаны қосу жөнінде ұсыныс жасау және оны мақұлдау туралы шешім шығару;
3) Алматы қаласы әкімдігіне 3 жылға дейінгі мерзімге уақытша ақылы жер пайдалану құқығын беру туралы өтініш беру;
4) нысанды жобалау және құрылысын жүргізу.
Бұдан басқа, басқарушы компаниясы индустриялық аймақтың қатысушыларымен өзара қатынас жасайды және олардың қызметіне мониторинг жүргізеді, жаңадан іске қосылған инфрақұрылымға қызмет көрсетеді. Бұл мақсатта басқарушы компаниясы, қатысушыларға және инфрақұрылым нысандарын жобалау мен құрылысын жүргізіп жатқан мердігер ұйымдарына қызмет көрсету үшін индустриялық аймақта уақытша үй-жай орналастырған.
Қызығушылық болған жағдайда, келесі телефон бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 237 69 13
Ресми сайт indzone.kz

Бұл жоба түрлі инновацилық идеяларды әр салада жүзеге асыру алаңы болып табылады. Осыған орай, 2013-2015 жылдары 165 га жерде парктің екінші кезегі салынады.
СЭЗ ПИТ- инновациялық хаб. Ол - ғылым мен білімге негізделген жобалық-конструкторлық, өндірістік кластер.
Ғылымды қажет ететін инновацияны енгізу «Инновациялық технология паркін» одан әрі дамытуға кең жол ашады.
Соңғы төрт жылда Парк ақпараттық, коммуникациялық, электроникалық орталыққа айналды.
Қазір мұнда 152 компания жұмыс істейді (соңғы екі жылда олардың қатары 4 есе өсті), болашақта 46 млрд. теңгенің өнімі жүзеге аспақ.
2010 жылдан бюджетке 3,5 млрд. теңге салық құйылды.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне орай мұнда «ПИТ»-ке қатысушыларға жеңілдік бар.
Корпоративті салық – 0%
Жерді жалға алу – 0%
Әлеуметтік салық – 0%
Мүлік салығы – 0%
Жер салығы – 0%
Кедендік салық алынбайды. Осының арқасында қатысушылар қатары 4 есе өсті.
Алматы қаласында 137 сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен үйлері бар.
Оның ішінде: 25 ірі, 47 орта және 65 шағын нысандар.
Алматы қаласындағы ОСО, СО және СҮ тізімі
| Атауы |
Мекен-жайы
|
|
Asia Park ОСО |
Әуезов ауданы, Райымбек даңғылы, 514 А
|
|
Спутник ОСО |
Әуезов ауданы, 1 ықшамаудан, 8а үй
|
|
Гранд Парк Алматы ОСО |
Әуезов ауданы, Қабдолов к-сі, 1/3
|
|
City + ОСО |
Әуезов ауданы, Төле би, 285 |
|
Москва ОСО |
Әуезов ауданы, 8 ықшамауданы 37/1
|
|
«Глобус» ОСО |
Алмалы ауданы, Абай даңғылы, 109 в
|
|
«ЦУМ» ОСО |
Алмалы ауданы, Абылай хан, 62
|
|
«Silk Way City» ОСО
|
Алмалы ауданы, Төле би, 71 |
|
«Мегапарк» ОСО |
Алмалы ауданы, Мақатаев к-сі, 127/1
|
|
«Citycenter» ОСО |
Алмалы ауданы, Төле би, 136
|
|
«Алатау» ОСК |
Алатау ауданы, Рысқұлов к-сі, 103/3
|
|
«Мега центр Алма-Ата» ОСО |
Бостандық ауданы, Розыбакиев к-сі, 147 |
|
«Алмалы» ОСО |
Бостандық ауданы, Республика даңғылы, 2
|
|
«АДК» ОСО |
Бостандық ауданы, Сәтбаев к-сі, 90 |
|
«Галерея» ОСО |
Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 42
|
|
«Променад» ОСО |
Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 44а
|
|
«Каркара» (Атакент Молл) ОСО |
Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 42
|
|
«EsentaiMall» ОСО |
Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы 77/8
|
|
«Форум Алматы» ОСО |
Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 617
|
|
«Алма-Ата» СО |
Бостандық ауданы, Назарбаев даңғылы, 223
|
|
Maxima ОСО |
Жетісус ауданы, Райымбек даңғылы, 239г үйі
|
|
«Ритц Палас» ОСО |
Медеу ауданы, Самал-3 ықшамауд., 1
|
|
«Достық Плаза» ОСО |
Медеу ауданы, Самал 2-й ықшамауд., 111
|
|
«МАРТ» ОСО |
Түрксіб ауданы, Рихарда Зорге к-сі, 18
|
|
«МАРТ Вилледж» ОСО |
Түріксіб ауданы, Рихарда Зорге к-сі, 18 |
Туристік объектілерді (қонақ үйлер, ақпараттық орталықтар) орналастыру қала құрылысы нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және Алматы қаласы әкімдігімен келісуді талап етеді
Қаланың өндірістік кластерінің негізгі элементі негізгі инвестициялық және өндірістік ағындар шоғырланған Алматы индустриялық аймағы болып табылады. Бүгінгі таңда оның қатысушылары жалпы инвестиция көлемі 747,6 млрд теңгені құрайтын және 18,8 мың жұмыс орнын құратын 125 компания болып табылады. 2025 жылы инвестиция көлемі 221,2 млрд теңгені құрайтын 14 өндіріс іске қосылды (оның ішінде 7 жоба техникалық іске қосылды, пайдалануға қабылдау рәсімін жүргізуде).
"ИТП" АЭА Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығымен 2003 жылғы 1 қазаннан - 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеу мерзіміне құрылды. "ИТП" АЭА қатысушыларының қызметі тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеруге бағытталған қызметтің 29 басым түрі шеңберінде жүзеге асырылады. "ПИТ" АЭА инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы 2016 жылы аяқталды, қазіргі уақытта АЭА-ның 192 қатысушысы тіркелген.