Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының 2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айларындағы жұмыс қорытындылары туралы ақпарат

 

Инвестиция

2025 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2 339,7 млрд теңгені құрап, 109,2%-ға өсті.

 

Осы кезеңдегі негізгі инвестициялар мына салаларға бағытталды:

  • жылжымайтын мүлікпен операциялар — 719,9 млрд теңге (үлесі – 30,8%),
  • көлік және қоймалау — 308,6 млрд теңге (үлесі – 13,2%),
  • білім беру — 196,8 млрд теңге (үлесі – 8,4%),
  • электр энергиясымен, газбен, бу және ыстық сумен, сондай-ақ кондицияланған ауамен жабдықтау — 257,4 млрд теңге (үлесі – 11%),
  • ақпарат және байланыс — 218,2 млрд теңге (үлесі – 9,3%).

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 6 393,2 млн АҚШ долларын құрады.

Анықтама үшін: 2024 жылы тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 5 773,4 млн АҚШ долларын құраған.

 

2026 жылға жалпы сомасы 338 млрд теңгені құрайтын 54 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Өнеркәсіп

2025 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 544,8 млрд теңгені құрап, 17,2%-ға өсті (Қазақстан Республикасы бойынша өсім – 7,5%). Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 119,3%-ды құрады (көлемі – 2 153,9 млрд теңге, үлесі – 84,6%).

 

Өңдеу өнеркәсібі салаларында өндіріс көлемінің артуы байқалды:

  • машина жасау — 45,2%-ға (көлемі – 1 055 млрд теңге, үлесі – 49%),
  • өзге де бейметалл минералды өнімдер өндірісі — 7,6%-ға (143,4 млрд теңге, үлесі – 6,7%),
  • сусындар өндірісі — 8,2%-ға (109,9 млрд теңге, үлесі – 5,1%),
  • машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдар өндірісі — 0,7%-ға (62,8 млрд теңге, үлесі – 2,9%),
  • резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі — 6,7%-ға (57,6 млрд теңге, үлесі – 2,7%),
  • қағаз өнімдері өндірісі — 8,3%-ға (53,2 млрд теңге, үлесі – 2,5%),
  • химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі — 3,3%-ға (35,9 млрд теңге, үлесі – 1,7%),
  • фармацевтика өндірісі — 19,2%-ға (27,5 млрд теңге, үлесі – 1,3%),
  • жеңіл өнеркәсіп — 36,3%-ға (16,3 млрд теңге, үлесі – 0,8%),
  • өзге дайын бұйымдар өндірісі — 26,5%-ға (9,4 млрд теңге, үлесі – 0,4%).

 

Мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында жеке кәсіпкерлікті дамыту бағытында басым өнеркәсіп салаларын өркендетуге арналған Алматы индустриялық аймағы және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы белсенді дамытылуда.

Алматы индустриялық аймағының қатысушылары — жалпы құны 835 млрд теңгені құрайтын жобалары бар 139 компания. Бұл жобалар аясында 19 322 жұмыс орнын құру көзделген.

2025 жылы жалпы сомасы 221,2 млрд теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, 4 922 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 6 өнеркәсіптік кәсіпорын бар:

  1. «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» — қытайлық брендтердің жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыт;
  2. «Astana Motors Engineering» — қойма үй-жайлары;
  3. «Kapital Construction» — арматуралық торлар мен профильді құбырлар шығаратын зауыт;
  4. «Багдар ЛТД» — шыны ыдыс өндіретін зауыт;
  5. «BLACK BIOTECHNOLOGY» — биологиялық жемдік қоспалар мен тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысы;
  6. «ALTRA TYRES» — автокөлік шиналарын қайта өңдеу және резеңке-техникалық бұйымдар шығару зауытын салу және пайдалану.

 

Сонымен қатар 36,4 мың шаршы метр аумақты қамтитын 8 шағын өнеркәсіп паркі (ШӨП) іске қосылды. Оларға 4 млрд теңге инвестиция тартылып, 800 жұмыс орны құрылды:

  1. «T and M company» (ауданы — 3 848 ш. м.);
  2. «Corporation M&A» (ауданы — 3 137 ш. м.);
  3. «Бақ Даулет» ЖК (ауданы — 4 443 ш. м.);
  4. «ALAESTATE-3» (ауданы — 4 752 ш. м.);
  5. «Bayterek-2050» (ауданы — 6 246 ш. м.);
  6. «D&J Investments & Logistic» (ауданы — 4 620 ш. м.);
  7. «Mirus Company» (ауданы — 5 006 ш. м.);
  8. «NN Stroy KZ» (ауданы — 4 320 ш. м.).

 

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жалпы сомасы 265 млрд теңгені құрайтын, шамамен 1 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін 24 жоба жүзеге асырылуда.

 

2025 жылы 19 млрд теңге сомасына 6 жоба іске қосылып, 355 жұмыс орны құрылды (1. Kaspi Cloud; 2. МедПроФарм; 3. Технопроект-А; 4. Juldyz Kenan Ltd; 5. Алтын-Групп; 6. А-Медикал).

 

Сауда

2025 жылғы қаңтар–желтоқсан қорытындысы бойынша сауда көлемі 24 462,4 млрд теңгені құрап, 7,2%-ға артты.

 

Бөлшек сауда

Бөлшек сауда көлемі 8 894,8 млрд теңге болды, НКИ – 109,4% (Қазақстан Республикасы бойынша – 26 392 млрд теңге, НКИ – 107,5%).

Қаланың бөлшек сауда айналымының республикалық көлемдегі үлесі 33,7%-ды құрады.

Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2 415,9 млрд теңге, НКИ – 102,5% (үлесі – 27%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6 478,9 млрд теңге, НКИ – 112,3% (үлесі – 72,8%).

 

Көтерме сауда

Көтерме сауда айналымы 19 371,1 млрд теңгені құрады, НКИ – 107,2% (Қазақстан Республикасы бойынша – 53 503,9 млрд теңге, НКИ – 109,5%).

Қаланың көтерме сауда айналымының республикалық көлемдегі үлесі 36,2%-ды құрады.

Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 3 463,2 млрд теңге, НКИ – 92,2% (үлесі – 17,9%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 15 907,9 млрд теңге, НКИ – 111,8% (үлесі – 82,1%).

 

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар

2025 жылы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларына (субсидиялау, кепілдендіру, гранттар және жеңілдетілген кредиттеу) бюджеттен 57 млрд теңге бағытталды (республикалық бюджет – 10,2 млрд теңге, жергілікті бюджет – 46,8 млрд теңге), оның ішінде:

  • кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – 30 млрд теңге;
  • кредиттерге кепілдік беру – 1,6 млрд теңге;
  • кредиттеу – 15 млрд теңге;
  • гранттар – 200 млн теңге.

 

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 255,1 млрд теңгені құрайтын 1 180 жобаға қолдау көрсетілді.

 

Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында субсидиялау және кепілдендіру құралдары, сондай-ақ гранттар арқылы 131,5 млрд теңге сомасына 660 жоба қаржыландырылды (субсидиялау – 245 жоба, несие сомасы 48 млрд теңге; кепілдендіру – 67 жоба, несие сомасы 7,2 млрд теңге; ағымдағы жылдың маусымынан бастап Кепілдік қоры аясында «Даму» қоры есебінен 309 жобаға 76,1 млрд теңге несие сомасына кепілдік беріліп, кепілдік сомасы 43,3 млрд теңгені құрады; гранттар – 39 жоба, 192 млн теңге).

 

«Даму» қорымен бірлесіп «Jana Business» өңірлік бағдарламасы аясында 100 млн теңгеге дейінгі сомада, мерзімі 7 жылға дейін, мөлшерлемесі 5–7% болатын жеңілдетілген кредиттер беріледі. Жыл басынан бері «Jana Business» бағдарламасы бойынша 26,4 млрд теңге сомасына 206 жоба қолдау тапты.

 

«Алматы Бизнес» өңірлік бағдарламасы

«Алматы Бизнес» өңірлік бағдарламасы аясында 2025 жылы жобалар өткен кезеңдердің айналым қаражаты есебінен қаржыландырылуда. Экономиканың басым секторларында 500 млн теңгеге дейінгі сомаға, 7 жылға дейінгі мерзімге, жылдық мөлшерлемесі 6%-ға дейін жеңілдетілген кредиттер беріледі. Жалпы несие сомасы 14 млрд теңгені құрайтын 93 жоба қаржыландырылды (Almaty Finance — 10,6 млрд теңге сомасына 17 жоба, Almaty MFO — 3,4 млрд теңге сомасына 76 жоба).

 

Қосымша «Даму» қоры өнеркәсіп, көлік, туризм, білім беру және денсаулық сақтау сияқты басым салалардағы шағын және орта бизнеске арналған «Өрлеу» жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске қосты. Мөлшерлеме — жылдық 12,6%-ға дейін, жалпы көлемі — 750 млрд теңге (300 млрд теңге — Қор қаражаты, 450 млрд теңге — екінші деңгейлі банктер есебінен). Инвестицияға берілетін кредит көлемі 7 млрд теңгеге дейін (мерзімі — 10 жылға дейін), айналым қаражатына — 3,5 млрд теңгеге дейін (мерзімі — 3 жылға дейін). Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтардан кейін берілген кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі бар. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 83,2 млрд теңге сомасына 221 жоба қаржыландырылды.

 

2026 жылы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларына (субсидиялау, кепілдендіру, гранттар және жеңілдетілген кредиттеу) бюджеттен 50,5 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр (республикалық бюджет — 14,8 млрд теңге, жергілікті бюджет — 35,7 млрд теңге), оның ішінде: кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау — 20,8 млрд теңге; «Даму» қоры арқылы кредиттеу — 5 млрд теңге; «ӘКК» АҚ арқылы кредиттеу — 9,7 млрд теңге; гранттар — 200 млн теңге.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру

ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 8,9%-ды құрады (12-орын, ҚР бойынша — 8,6%).

 

Бағаны тұрақтандыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Біріншіден, «айналым» қарыздары және «форвардтық» келісімшарттар тетіктері аясында мынадай жеткізу шарттары жасалды:

— 1 мың тонна күріш («Asyl Dan Trade» ЖШС);

— 4 мың тонна тауық еті («Алатау-Құс» АҚ, «Nauryz Agro KZ» ЖШС, «Otan Green Food» ЖШС);

— 86,4 млн дана тауық жұмыртқасы («Сары-Бұлақ» АҚ);

— 4,5 мың тонна қант («КаИс Инвест», «Sunqar Resources», «SA Holding»);

— «Magnum» сауда желісімен әлеуметтік маңызы бар 11 атаудағы 605,7 тонна өнім (бакалея, сүт және ет өнімдері).

Сонымен қатар көкөніс бағасының маусымаралық кезеңдегі (2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы сәуірге дейін) ауытқуын тежеу үшін белгіленген бағамен 10,4 мың тоннадан астам көкөніс өнімін жеткізуге «форвардтық» келісімшарттар жасалды.

Анықтама үшін: картоп — 5,1 мың тонна, сәбіз — 2 мың тонна, пияз — 2,1 мың тонна, қырыққабат — 1,2 мың тонна.

Жалпы көлемі 26 мың тоннадан астам өнім жеткізуге келісімшарт жасалды.

Қосымша тұрақты бағамен тікелей жеткізу үшін 115 тонна сиыр еті («СЭМ и Ко» ЖШС) және 805 тонна сүт («Көкшетау сүт зауыты – Белогорье» ЖШС) бойынша «айналым» қарызын бөлу мақұлданды.

Қазіргі таңда жеткізілім көлемін ұлғайту мақсатында тауық етін өндірушілермен («Алатау Құс» АҚ) және сиыр еті өндірушілермен («Кегенмясо» ЖШС және «АсылЕт» ЖШС) келісімшарттар жасау пысықталуда.

Екінші. Азық-түлік тауарларын тікелей жеткізуді жолға қою жұмыстары аясында биыл өндірушілер және фермерлермен келісімдер жасалды. Соның негізінде Алматы, Түркістан, Павлодар және Жамбыл облыстарының фермерлерінен Magnum, Small, «Тоймарт» сауда желілерінің сөрелеріне және азық-түлік базарларына көкөністер («Нұрдәулет» ШҚ, «Крон Агро» ШҚ, «Fresh Storage Center» ЖШС), қант («Меркен қант зауыты» ЖШС), жұмыртқа («Сары-Бұлақ» ЖШС) және тауық еті («Nauryz Agro KZ» ЖШС) жеткізілуде.

Сонымен қатар қала аудандарының барлығында «демалыс күнгі жәрмеңкелер» өткізіледі. Онда Алматы облысының фермерлері мен тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылады. Делдалсыз тікелей жеткізілім есебінен жәрмеңкелердегі бағалар орташа қалалық деңгейден 10–15%-ға төмен. 2025 жылы шамамен 430 жәрмеңке өткізіліп, 85 мың тоннадан астам өнім сатылды.

Бұдан бөлек, егін жинау кезеңінде қала аумағында жыл сайын еліміздің өңірлерінен келген фермерлердің кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады. 2025 жылғы қыркүйек–қараша аралығында Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Абай облысының жәрмеңкелері өтіп, қалаға 15 мың тоннадан астам өнім жеткізілді.

Үшінші. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің 15%-дан аспауын қамтамасыз ету үшін «Азық-түлік тауарларының баға қалыптастыруының барлық кезеңдеріндегі делдалдық схемаларды тергейтін өңірлік комиссия» супермаркеттермен, азық-түлік базарларымен және «үй жанындағы» дүкендермен жүйелі жұмыс жүргізуде.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы комиссия мүшелері сауда үстемесін 15%-дан асырғаны үшін 535 әкімшілік хаттама толтырды, 47,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ 38 делдал айналымнан шығарылды.

Дата публикации
30 января 2026
Дата обновления
30 января 2026
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы