

Ол – Қазақстанның білім, ғылым, мәдениет, қаржы, индустриалды-инновациялық, көлік, сауда-логистикалық, спорттық, туристік орталығы. Астананың көшірілгеніне қарамастан, қала бұрынғысынша жаңа идеялардың ұйтқысы және заманауи дамудың тренді болып қалуда.
Қалада құрамына музейлер, театрлар, көркемөнер галереялары, филармониялар, концерт залдары, кітапханалар және басқалары енген жүзден астам мәдениет мекемелері жұмыс жасайды. Бұлардан өзге, қалада 162 тарихи және мәдени ескерткіштер бар.
Алматы үнемі экономикалық және әлеуметтік өмірдегі маңызды оқиғалардың ортасынан табылады. Жыл сайын мұнда өнер мен жанрдың түрлі көріністеріне арналған халықаралық фестивальдар, мәдени форумдар мен байқаулар өтуде.
Алматы қаласының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімі