Лого

Меню

Страницы

Статья

Бір түнде 12 мың адам Алматы музейлеріне барды

Алматыда Халықаралық музейлер күніне орайластырылған «Музейлер түні – 2024» акциясы өтті. Көрме залдарында алғаш рет Шәмші Қалдаяқовтың мандолинасы, Бауыржан Момышұлының жазу машинкасы мен домбырасы, бақсы Сармұқан Бабасұлының қылқобызы, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің аңшылық мылтықтары, Нұрғиса Тілендиевтің жеке камерасы және т.б. бірегей экспонаттар қойылды.

Дінмұхамед Қонаевтың зейнеткерлікке шыққанға дейін мемлекет қайраткері туралы барлық ақпаратты қамтитын 75 парақтағы жеке ісі көпшіліктің қызығушылығын тудырды. «Өте құпия» белгісі бар құжаттар мұражайға сыйға тартылды және алғаш рет жұртшылықтың назарына ұсынылды.


«Бір түнде ғана біздің мұражайларға 12 мыңнан астам адам келді. Әр мұражайда қызықты бай бағдарлама дайындалды, мұражайлар келушілерді таңқалдыруға тырысты және менің ойымша, біз мұны істей алдық. Көбісі балаларымен, немерелерімен келді, сонымен қатар көптеген шетелдік туристер болды. Жалпы, қала әкімі мұражай ісін дамытуға көп көңіл бөледі. Біздің мамандар әлемнің үздік мұражайларында тағылымдамадан өтуде. Сала қызметкерлерінің жалақысы 30% - ға көтерілді. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап барлық оқушылар үшін біздің музейлерге кіру тегін болды», - деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Айта кетрлігі, мұражай залдарында театрландырылған қойылымдар ұсынылды. Тарихи тұлғалар бейнесіндегі актерлер мұражайларға келушілерді таң қалдырды. Мысалы, Орынбордағы Ахмет Байтұрсынұлының өмір кезеңінен көрініс: Ұлт мұғалімі балаларының оқудағы жетістіктерін тексеріп, отбасымен уақыт өткізді. Аумат пен Шолпан өлең оқып, көрермендердің алғысына бөленді.

Сондай-ақ мұражайларда Поль Гурдэ, Роза Бағланова, Бауыржан Момышұлы, Біржан сал, Мұхаметжан Тынышбаев, Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсірепов сияқты тарихи тұлғалардың «қатысуымен» театрландырылған экскурсиялар ұйымдастырылды. Құрманғазы өз күйлерін орындады, Дина Нұрпейісова ән шырқады, әртістер Шәмші Қалдаяқовтың және т. б. шығармаларын орындады.

Мемориалдық мұражайларда өткен кездесулерде тарихшылардың ұрпақтары өздерінің атақты ата-бабаларының өмірі мен қызметі туралы қызықты әңгімелер айтты.

Сондай-ақ, қала мұражайларында зияткерлік ойындар, квест, викториналар, қыш және зергерлік шеберлік сабақтары өткізіліп, кішкентай көрермендерге бет бояуы жасалды. Арнайы фотоаймақтарда отбасыларымен бірге келушілер естелік фотосуреттер түсіріп, фотостендтің көмегімен 8 мыңнан астам фотосурет басып шығарды.

Дата публикации
20 мая 2024
Дата обновления
20 мая 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы