Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағына 90 жыл» атты мерейтойлық альбомының тұсаукесері мен «Zamandastar -IV» атты республикалық жас суретшілер көрмесінің ашылуы

Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты «Almaty Gallery» галереясында 2026 жылғы 23 сәуір күні сағат 17:00-де «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының» 90 жылдығына арналған мерейтойлық альбомның тұсаукесер рәсімі және жас суретшілердің «ZAMANDASTAR-IV» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Аталған шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Мерейтойлық альбомда «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының» құрылу тарихы мен қызметі туралы бөлім, сондай-ақ Қазақстанның мүсін және кескіндеме шеберлерінің жарқын туындыларының фотосуреттері топтастырылған. Альбомда 2023 жылғы желтоқсан айында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде және Ә. Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде өткен «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының» мерейтойлық көрмесіне арнайы ұсынылған таңдаулы жұмыстар, сондай-ақ көрмеге қатысқан шетелдік суретшілердің туындылары ұсынылған. Көрмеде көрсетілген барлық жұмыстар Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейіне және Ә. Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейіне сыйға тартылды.

Альбомға «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының» мүшелері болып табылатын екі жүзден астам автордың еңбектері, сондай-ақ Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Литва және Канада суретшілерінің шығармалары енген. Авторлық стильдердің алуан түрлілігі, тақырыптардың кеңдігі және көркем-пластикалық шешімдердің жаңашылдығы ұлттық классикалық бағыттағы көркем мектептердің дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген.

«ZAMANDASTAR – IV» жас суретшілер көрмесіне Оралбек Қабөке, Алмас Нұрғожаев, Дәуренбек Бекназар, Әлішер Жүргенов, Нұрболат Асқар, Айдос Сейдақұл, Санжар Сырғабаев, Тұрғын Абдурахман, Нұрлан Сатаев, Сұлтан Аманжол, Мөлдір Сағындықова, Махаббат Сағындық, Айгерім Оспан Тұрбай Мұратбек, Елдос Азаматұлы, Қажыбек Ақмарал, Қабикожаева Алия, Өркен Аят және Зарина Чукетаеваның туындылары ұсынылады.

Көрменің басты ерекшелігі – мұнда бір ғана стиль немесе тақырып үстемдік етпейді, сондай-ақ ортақ тақырып та жоқ. Керісінше, бір кеңістікте түрлі көркемдік үндер мен шығармашылық ізденістер тоғысқан. Классикалық реализмнен бастап декоративтік жинақтауға дейін, нәзік портреттік шешімдерден ауқымды пейзаждық және жанрлық композицияларға дейін көрерменге шығармашылық тәсілдердің кең ауқымы ұсынылған. Авторлық қолтаңбалардың айырмашылығына қарамастан, оларды біріктіретін ортақ мақсат – өмірді өнер тілімен сезіну. «ZAMANDASTAR» жобасы 2019 жылы Нұрлан Сатаев пен Тұрғын Абдурахманның бастамасымен жүзеге асқан авторлық көрме циклі болып табылады.

 

Кіру – тегін.

Өтетін күні мен уақыты: 23.04.2026, 17:00

Мекенжайы: Достық даңғылы, 44

Сайт: https://relyum-obedinenie-muzeev.webflow.io/galereya-almaty  

Қосымша ақпарат: 8 708 820 6179

 

Дата публикации
23 апреля 2026
Дата обновления
23 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы