Құрылым

Алатау ауданы әкімінің аппараты

Алатау ауданы Алматы қаласының батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік, белсенді дамып келе жатқан аудан.
4 шілде 2008 жылы құрылды. Ауданның шекаралары: Райымбек даңғылы, Орталық, Жаужүрек, Шоссейная, Қожабеков көшелері, Солтүстік айналма жол, Кудерин көшесі.
Ауданның аумағы — 104,95 км². Халқының саны — 364 000 адам.

Алатау ауданы әкімінің аппараты аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады.

Толығырақ

Бостандық ауданы әкімінің аппараты

Бостандық ауданы - Алматы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығына сәйкес, 1966 жылы Алматы қаласының Калинин ауданы Кеңес ауданын тарату есебінен және қала аумағын іргелес жерлер есебінен кеңейтуге байланысты құрылды.
1996 жылы Калинин және Алатау аудандарынан бөлініп, Бостандық ауданы ұйымдастырылды.
Ауданның алып жатқан ауданы 9 943,2 га, халық саны 335 456 адамды құрайды. Бостандық ауданы - қаланың орталық және ірі аудандарының бірі.
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Алмалы ауданы әкімінің аппараты

Алмалы ауданы — Алматы қаласының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бірлігі, Алматының қоғамдық және мәдени өмір орталығы
Құрылған күні 1936 жылы 14 қыркүйекте құрылған. Аудан шекарасы: Назарбаев даңғылы-Абай даңғылы - "Сайран" көлінің шығыс жаңы-Райымбек даңғылы. Аудан аумағы 18,4 ш. км. халық саны 273 мыңнан аса адам құрайды.

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің қызметін ақпараттық - талдау, ұйымдық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (727) 272-59-88

Электрондық пошта:

a.shamshin@almaty.gov.kz

Әуезов ауданы әкімінің аппараты

 Әуезов ауданы — Алматы қаласының батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. Аудан 1972 жылдың наурыз айында құрылып, белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің құрметіне аталған.

Аудан шекарасы: Райымбек батыр даңғылы - Қарғалы өзені - Үлкен Алматы өзені. Оңтүстік жағы Бостандық ауданымен шектеседі.
Аудан аумағы 2,35 мың га құрайды, ал халық саны 358 мың адамнан асады.

Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімі аппараты аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Толығырақ

Жетісу ауданы әкімінің аппараты

Жетісу ауданы - Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1936 жылы Ленин ауданы ретінде құрылған. 1995 жылы 12 желтоқсанда Жетісу ауданы болып өзгертілді.

Толығырақ

Медеу ауданы әкімінің аппараты

Құрылған уақыты– 1936 жылдың қазан айы

Алаңы–Медеу ауданының аумағы 253,4 ш.км құрайды, немесе 37% қала көлемінде

Халқы–242 100адам

Медеу ауданы- Алматы қаласының элиталы ірі әкімшілік, өнеркәсіпті және мәдени орталығы болып саналады. Ескі атауы - Фрунзе ауданы. 1995 жылдан бері Медеу деп өзгертілген.

Аудан шекарасы:Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай Фурманов көшесінің шығыс жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бойымен шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің шығыс жағымен солтүстікке қарай қала шекарасына дейін; қала шекарасы бойымен қиылысқа дейін Көктөбе шипажайы жолымен Әл-Фараби даңғылына дейін; Әл-Фараби даңғылы бойымен солтүстік-шығысқа қарай Атырау, Думан, Көктөбе, Көктөбе-2, Жаңа-Көктөбе, Бутаковка, Тау-Самал, Медеу шатқалы, Шымбұлақ, Алатау ықшам аудандарын қоса Фурманов көшесіне дейін.

Толығырақ

Түрксіб ауданы әкімінің аппараты

Түрксіб ауданы-қаланың ең көне аудандарының бірі. Құрылған 1938 жылы 19 сәуірде қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. 1957 жылы шілдеде Қағанов ауданы Октябрь ауданы болып өзгертілді. 1995 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге және Түркістан-Сібір теміржолы құрылысының алдағы жетпіс жылдығына байланысты аудан Түрксіб деп өзгертілді.  Аудан экономиканың тұрақты және серпінді дамуымен қаланың өнеркәсіптік ауданы, әуе және теміржол қақпасы болып табылады.

 

 

Толығырақ