Құрылым
Әдеп жөніндегі уәкіл
«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» КММ-де қызметтік әдеп нормаларын сақтау функциясы Әдеп жөніндегі уәкіл Нұртай Әлия Бахытқызы (Жетісу ауданы аппараты басшысы) жүктелген. Байланыс ақпараты: Алматы қ., Серіков к-сі, 2а, 502 каб. Тел: 8 (727) 384-27-80.
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі топ арасында этикалық нормаларды сақтау бойынша сауалнамалар жүргізіледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық нормалары түсіндірілетін құқықтық жалпы білім беру және семинарлар өткізілуде. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы No153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 4-тармағына сәйкес кадр қызметі мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызметке келгеннен кейін үш күн ішінде, жазбаша түрде этикалық кодекстің мәтінімен таныстырады. Қоғам, мемлекеттік қызметкерлер барлық күшін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсайды, өз Отаны - Қазақстан Республикасына бейтарап және адал қызмет етеді деп күтеді.