Жалпы ақпарат

Медеу ауданының әкімі
Әкімдік туралы
Құрылған уақыты– 1936 жылдың қазан айы
Алаңы–Медеу ауданының аумағы 253,4 ш.км құрайды, немесе 37% қала көлемінде
Халқы–242 100адам
Медеу ауданы- Алматы қаласының элиталы ірі әкімшілік, өнеркәсіпті және мәдени орталығы болып саналады. Ескі атауы - Фрунзе ауданы. 1995 жылдан бері Медеу деп өзгертілген.
Аудан шекарасы:Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай Фурманов көшесінің шығыс жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бойымен шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің шығыс жағымен солтүстікке қарай қала шекарасына дейін; қала шекарасы бойымен қиылысқа дейін Көктөбе шипажайы жолымен Әл-Фараби даңғылына дейін; Әл-Фараби даңғылы бойымен солтүстік-шығысқа қарай Атырау, Думан, Көктөбе, Көктөбе-2, Жаңа-Көктөбе, Бутаковка, Тау-Самал, Медеу шатқалы, Шымбұлақ, Алатау ықшам аудандарын қоса Фурманов көшесіне дейін.