Алға ауданының тұрғындары назарына!

Алға ауданының тұрғындары назарына!


«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 
3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау шеңберінде  ағымдағы  жылдың 5  шілдесінде  Ақтөбе облысының әкімі А.Б. Шахаровтың  Алға ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Тұрғындармен кездесуге дайындық аясында сұрақтар мен ұсыныстар kense@aktobe.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.