Облыс әкімі Бағлан Баймағамбетовты мерейтойымен құттықтады

Облыс әкімі Бағлан Баймағамбетовты мерейтойымен құттықтады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстанның автожолшылар Қауымдастығының президенті Бағлан Баймағамбетовты 70 жас мерейтойымен құттықтады.

«Қазіргі заманда экономиканың қарқыны, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі, аймақтардың кешенді дамуы, барлық әлеуметтік міндеттердің шешімі жол инфрақұрылымына тікелей байланысты. Сіз бүгінгі күні біздің облысымыз бен жалпы Қазақстанның автожол саласының дамуына орасан зор үлес қосып келесіз, сондай-ақ еліміздегі  тас жолдарды салумен және реконструкциялаумен айналысатын компанияларды бір қауымдастыққа біріктіре отырып, бұл бағыттағы жұмысты жүйелі жүргізіп отырсыз. Ақтөбе жұртшылығының атынан осындай жауапты лауазымдағы Сіздің адал еңбегіңіз үшін риясыз алғысымды білдіремін», - деп Ералы Тоғжанов ақжарма тілегін білдіріп, оның автожол саласына қосқан еңбегін атап өтті.

Өз кезегінде Бағлан Баймағамбетов облыс әкіміне сый-құрметі үшін ризашылығын білдірді.

«Сіздің облыс басшылығына келуіңізбен біздің саламыздың дамуына байланысты көптеген проблемалар шешілді: сапалы битум жеткізу мәселесі күн тәртібінен алынып, қысқа мерзімде ірі және маңызды жобалар аяқталуда. Осы салада жұмыс істейтін мердігер компаниялар сіздің тарапыңыздан нақты қолдау тауып отыр. Меніңше, осы қарқынмен өңірде жол құрылысы одан да қарқынды дамып, оның сапасының жақсаруына септігін тигізеді деген ойдамын», - деді мерейтой иесі.