
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірдің аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесу өткізді.
Ералы Тоғжанов сайлауды сапалы ұйымдастырғаны және өткізгені үшін комиссия мүшелеріне алғысын білдірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 наурызда өткен сайлау ауқымды өзгерістердің елеулі жалғасы болғанын атап өтті. Елдің саяси дамуындағы жаңа кезең басталды. Сайлау күні мен олардың барысын интернет-ресурстар арқылы бақылап отырдым. Саяси партиялар мен кандидаттар арасындағы өзара бәсекелестікті атап өткім келеді. Өңірдің сайлау комиссияларының мүшелері өз жұмыстарын лайықты орындады», - деген Ералы Тоғжанов оларға алғыс хаттар табыстады.
«6 сәуірде Астанада сайлау қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы алқасының отырысы өтті, оның барысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Ақтөбе облысында сайлау жоғары деңгейде өткенін, заң аясында ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті», - деді өз кезегінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов.