Референдумды өткізуге атсалысқан ақтөбеліктер Президент атынан алғыс хаттар алды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жалпыұлттық референдумды дайындауға және өткізуге қатысқан жиырмадан аса ақтөбелікке мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс аттар табыс етті.
Марапатталғандардың арасында қоғам қайраткерлері Көшкінбай Ахметов, Шамиль Саринов, Әшім Қали, №2 қалалық емхананың бас дәрігері Қайырбек Тоқтаров, аудандық сайлау комиссиясының өкілдері мен тағы басқалар бар.
Кездесуде сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, белсенді қоғамдық қызметке үлес қосқан Сұлтанбек Тәшкенбайға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі тарту етілді.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі