Облыс әкімінің орынбасары Байғанин және Темір аудандарына барды

Облыс әкімінің орынбасары Байғанин және Темір аудандарына барды

Ағымдағы жылдың 17 тамызында Байғанин және Темір аудандарында орналасқан мұнай-газ саласындағы компанияларындың («Алтиес Петролеум Б.В.» ЖШС, «Казахтуркмунай» ЖШС, «КМК Мунай» ЖШС, «Фирма Ада Ойл» ЖШС және  «Gas processing company» ЖШС) жай-күймен танысу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Кенжеханұлы Ермектің жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Сапардың негізгі мақсаты - мұнай мен газды өндіру, газ өңдеу процесстерін және осы аталған компаниялардың, оларға қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысшыларының жағдайларын көру болатын.

Жұмыс сапарымның қорытындысы бойынша компаниялардағы жалпы жұмыс және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалымен танысып, компания басшыларына мемлекет алдындағы міндеттемелер мен көрсеткіштерді орындау,  еңбек жан-жалдарын тудырмауға жағдай жасап, жұмысшылармен әрдайым кездесулер ұйымдастыру секілді тапсырмалар берілді.