Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 02 04 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 02 04 21

02.04.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 127 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 106 (Ақтөбе қаласы – 91, Алға ауданы – 3, Темір ауданы – 2, Мәртөк ауданы – 2, Мұғалжар ауданы – 1, Қобда ауданы – 2, Байғанин ауданы – 1, Ойыл ауданы – 2, Шалқар ауданы – 1, Хромтау ауданы – 2), симптомсыз – 21 (Ақтөбе қаласы – 16, Алға ауданы – 2, Мәртөк ауданы – 1, Хромтау ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 2,4% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 5449 жағдай тіркелді, оның ішінде 56%-ы ауру белгілерімен (3054) және 43,9%-ы симптомсыз (2395) жағдай. 4659 (85,5%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 3962 жағдай, оның ішінде (1521 симптомсыз), Әйтеке би – 23 (8), Алға – 143 (92), Байғанин – 62 (36), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 24 (15), Қарғалы – 68 (44), Мәртөк – 193 (82), Мұғалжар – 233 (168), Темір – 218 (170), Ойыл – 139 (33), Хромтау – 185 (91), Шалқар ауданы – 145 (82).

Жалпы  тіркелген  5449  науқастың 3% (165/1) сырттан әкелінген, 16,1% (880/15) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,8% (4404/111) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 29,2% (1290/16) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 1806  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.