Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
05.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 6 жағдай тіркелді, Оның 3-інің клиникалық симптомдары бар, ал 3-уі – симптомсыз ауру, оның ішінде екеуі – Ақтөбе қаласынан, 3 науқас – Қарғалы ауданынан, 1 – Хромтау ауданынан(жергілікті жағдай). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,2% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3347 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1638) және 51%-ы симптомсыз (1709) жағдай. 3249 (97%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2401 жағдай, оның ішінде (1073 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 94 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 39 (20), Мәртөк – 64 (32), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 113(61), Шалқар ауданы – 108 (62).
Жалпы тіркелген 3347 науқастың 2,8% (97) сырттан әкелінген, 13,4% (449) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,5% (2801) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,7% (961) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 278 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің баспасөз қызметі.