Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруБіз " KazakhExport " АҚ ұлттық компанияларымен бірлесіп экспортқа бағдарланған өнімдерді шетелге ұсына алатын кәсіпорындарды қолдау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізіп жатырмыз.
Экспортты дамыту үшін маңызды іс-шаралардың бірі экспорттаушылардың халықаралық стандарттау ережелері және "KazakhExport " экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ және басқа да ұлттық компаниялардың қатысуымен мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болуын арттыру бойынша семинарлар, тренингтер және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда.
2020 жылдың қорытындысы бойынша "KazakhExport "ЭСК" АҚ жалпы сомасы – 3,2 млрд.теңгеге қаржылық және сервистік қолдау көрсетті.
Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу қағидалары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 599 Бұйрығымен бекітілген.
- Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу үшін өтініш беруші республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді:
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
5)өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есептік күнге қаржылық есептіліктің көшірмесі;
6) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі;
7) өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы қызмет көрсетуші банктің үзінді көшірмесі және кредиттік бюроның кредиттік есебі;
8) тіркеу есебінің орны бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы Мемлекеттік кірістер органының анықтамасы. Егер заңды тұлға құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеудің жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.
Шетелдік заңды тұлғалар келесі заңдастырылған құжаттарды ұсынады:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
3) сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге басқа да заңдастырылған құжатты ұсынады.
- Өтініш беруші республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берген кезде республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы өтінішті өтініштерді тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.
- Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
- Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу кезінде жобаларды іріктеу өлшемшарттарының 1-тармағында көзделген негізгі өлшемшарттарға және 2-тармағында көзделген қосымша өлшемшарттардың ең болмағанда біреуіне сәйкес келетін өтініш берушілердің қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасуға басымдығы болады. Екі және одан да көп өтініш беруші негізгі және қосымша критерийлерге сәйкес келген жағдайда қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасуға қосымша критерийлердің көп санына сәйкес келетін өтініш берушілердің артықшылығы болады.
- Негізгі критерийлерге сәйкестік қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудың қажетті шарты болып табылады. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы тиісті өңірлік үйлестіру кеңесі осындай адамдарды индустриялық аймаққа жіберу жөнінде оң шешім қабылдаған жағдайда әлеуетті қатысушылармен қызметті жүзеге асыруға шарттар жасасады.
- Өтініш берушінің жобасы өтініш берушілердің жобаларын және ұсынылған құжаттарды іріктеу критерийлеріне сәйкес келген кезде, сондай-ақ өтініш берушіні индустриялық аймаққа жіберу жөніндегі тиісті өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімі болған жағдайда, республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қояды.
- Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы жоба өтініш берушілердің жобаларын және (немесе) ұсынылған құжаттарды іріктеу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайларда, сондай-ақ өтініш берушіні индустриялық аймаққа жіберу жөніндегі тиісті өңірлік үйлестіру кеңесінің теріс шешімі болған жағдайда өтініш берушінің қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шартты қабылдауды негіздей отырып, оны жасасудан бас тарту туралы шешімді өтініш берушіге индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жіберуге міндетті.
кен іздеушілік жұмыстары құм мен топырақты жуу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ өзге де байланысты жұмыстарды қоса алғанда, қолмен немесе механикаландыру құралдарын және қуаты аз өзге де жабдықтарды қолдана отырып жүзеге асырылатын, шашыранды кен орындарында және техногендік сипаттағы кен орындарында бағалы металдар мен асыл тастарды кен іздеушілікпен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейді.
Кен іздеушілікке лицензия алуға мүдделі тұлға облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасына бекітілген нысан бойынша жазбаша бойынша өтініш береді. Өтінішке қоса жалғанады:
- өтініш беруші туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
- кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын растайтын құжаттың көшірмесі;
- өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;
- өтінім беруші бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдалану жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік жөніндегі жұмыстардың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;
- жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;
- кен іздеушілік жоспары.
Өтінішті қарау мерзімі - 7 жұмыс күні. Өтініш жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге кен іздеушілікке лицензия беріледі.
Кен іздеушілік үшін аумақтарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары айқындалады.
Өңіріміздің кен іздеушілігіне арналған аумақтар тізімі Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Ол ҚР «Әділет» нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ИИДБ ресми сайттарында жарияланған және алтын өндіруге арналған 6 кен орнынан тұрады, олар өз кезегінде ауданы 1 га-дан 5 га-ға дейінгі 35 учаскеден тұрады (кен іздеушілікке ең көбі 5 га беріледі). Бұл учаскелер облыстың Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарының аумағында орналасқан.
Қазіргі уақытта басқарма 4 учаске бойынша 4 лицензия берді.