Жиі қойылатын сұрақтар

  Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу қағидалары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 599 Бұйрығымен бекітілген.

  1. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу үшін өтініш беруші республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді:

1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

5)өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есептік күнге қаржылық есептіліктің көшірмесі;

6) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі;

7) өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы қызмет көрсетуші банктің үзінді көшірмесі және кредиттік бюроның кредиттік есебі;

8) тіркеу есебінің орны бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы Мемлекеттік кірістер органының анықтамасы. Егер заңды тұлға құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеудің жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.

Шетелдік заңды тұлғалар келесі заңдастырылған құжаттарды ұсынады:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

3) сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге басқа да заңдастырылған құжатты ұсынады.

  1. Өтініш беруші республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берген кезде республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы өтінішті өтініштерді тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.
  2. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
  3. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу кезінде жобаларды іріктеу өлшемшарттарының 1-тармағында көзделген негізгі өлшемшарттарға және 2-тармағында көзделген қосымша өлшемшарттардың ең болмағанда біреуіне сәйкес келетін өтініш берушілердің қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасуға басымдығы болады. Екі және одан да көп өтініш беруші негізгі және қосымша критерийлерге сәйкес келген жағдайда қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасуға қосымша критерийлердің көп санына сәйкес келетін өтініш берушілердің артықшылығы болады.
  4. Негізгі критерийлерге сәйкестік қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудың қажетті шарты болып табылады. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы тиісті өңірлік үйлестіру кеңесі осындай адамдарды индустриялық аймаққа жіберу жөнінде оң шешім қабылдаған жағдайда әлеуетті қатысушылармен қызметті жүзеге асыруға шарттар жасасады.
  5. Өтініш берушінің жобасы өтініш берушілердің жобаларын және ұсынылған құжаттарды іріктеу критерийлеріне сәйкес келген кезде, сондай-ақ өтініш берушіні индустриялық аймаққа жіберу жөніндегі тиісті өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімі болған жағдайда, республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қояды.
  6. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы жоба өтініш берушілердің жобаларын және (немесе) ұсынылған құжаттарды іріктеу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайларда, сондай-ақ өтініш берушіні индустриялық аймаққа жіберу жөніндегі тиісті өңірлік үйлестіру кеңесінің теріс шешімі болған жағдайда өтініш берушінің қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шартты қабылдауды негіздей отырып, оны жасасудан бас тарту туралы шешімді өтініш берушіге индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жіберуге міндетті.