Тұрғын үй қатынастары

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖАҢҒЫРТУ
Облыс бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны
2 778 бірлікті құрайды, 442 үй (15,9%) күрделі жөндеуді қажет етеді, 32 үй апатты деп танылды (Ақтөбе қаласының 30 үйі, Темір ауданында 2 үй).
Көппәтерлі тұрғын үйлердің жағдайын жақсарту мақсатында бүгінгі күні мемлекет тарапынан бюджеттік кредит беру тетігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың бірыңғай операторы «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ болып табылады.
2025 жылы күрделі жөндеу бойынша жылпы сомасы 3,9 млрд.теңге бөлініп, 24 жоба іске асырылды, сондай-ақ 36 лифт ауыстырылды.
2026 жылы күрделі жөндеудің 4 жаңа жобасын жүзеге асыруға 416,6 млн.теңге бөлінді, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 26 наурыз 2026АқпаратТұрғын үй қатынастары
- 01 қаңтар 2022БағыттарЖауапты мамандар
- 20 сәуір 2021Пайдалы ақпаратШаңырақ бағдарламасы
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
1017 тамыз 2023"Бақытты отбасы"
2011 тамыз 2023Қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесі
2010 тамыз 2023Ақпараттық қызмет
Ұйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. https://egov.kz/cms/kk/services/pass673_mir
БІР ҮЙ - БІР БІРЛЕСТІК
Тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес пәтер иелері кооперативінің, кондоминиумның қызметін меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік ауыстыра бастады. Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа жүйесі, алдымен, қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда меншік иелері бірлестігі "Бір үй - бір бірлестік - бір есепшот" қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұл бірлестікте қаржы айналымы ашық көрсетіледі. Алдымен тұрғындар арасынан төраға сайланады. Әр бірлестіктің арнайы екі есепшоты болады. Біріне - үйдің күрделі жөндеуі үшін, екіншісіне күнделікті қажеттіліктерге арнап қаржы жинақталады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/media/details/14102?lang=kk


