ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖАҢҒЫРТУ
Облыс бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны
2 778 бірлікті құрайды, 442 үй (15,9%) күрделі жөндеуді қажет етеді, 32 үй апатты деп танылды (Ақтөбе қаласының 30 үйі, Темір ауданында 2 үй).
Көппәтерлі тұрғын үйлердің жағдайын жақсарту мақсатында бүгінгі күні мемлекет тарапынан бюджеттік кредит беру тетігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың бірыңғай операторы «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ болып табылады.
2025 жылы күрделі жөндеу бойынша жылпы сомасы 3,9 млрд.теңге бөлініп, 24 жоба іске асырылды, сондай-ақ 36 лифт ауыстырылды.
2026 жылы күрделі жөндеудің 4 жаңа жобасын жүзеге асыруға 416,6 млн.теңге бөлінді, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.