Жиі қойылатын сұрақтар
БІР ҮЙ - БІР БІРЛЕСТІК
Тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес пәтер иелері кооперативінің, кондоминиумның қызметін меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік ауыстыра бастады. Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа жүйесі, алдымен, қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда меншік иелері бірлестігі "Бір үй - бір бірлестік - бір есепшот" қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұл бірлестікте қаржы айналымы ашық көрсетіледі. Алдымен тұрғындар арасынан төраға сайланады. Әр бірлестіктің арнайы екі есепшоты болады. Біріне - үйдің күрделі жөндеуі үшін, екіншісіне күнделікті қажеттіліктерге арнап қаржы жинақталады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/media/details/14102?lang=kk
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. https://egov.kz/cms/kk/services/pass673_mir