Құрылым
Өнер және халық шығармашылығы бөлімі
Өнер және халық шығармашылығы бөлімі «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі функциялары:
Мәдениет саласының мекемелері мен кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру және жетекшілік ету;
Шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;
Халықтық өнерді, фольклорды, ұлттық мерекелер мен дәстүрлерді дамыту және сақтау;
Мәдени-бұқаралық іс-шараларды, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді ұйымдастыру және өткізу;
Халық шығармашылығы байқаулары мен фестивальдерін ұйымдастыруға қолдау көрсету;
Облыстық шығармашылық ұжымдарға «Халықтық» атағын беру жұмыстарын ұйымдастыру;
Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру және мониторинг жүргізу;
Әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен сұрақтарға жауап беруді ұйымдастыру;
Мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;
Облыстық театрлар, филармония, музейлер, тарихи-мәдени мұра нысандарының қызметін үйлестіру;
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, пайдалану және бақылауды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың орындалуын үйлестіру;
Цифрландыру және мәдени ынтымақтастық бағытындағы жұмыстарды дамыту.
Бөлім басшысы:
Демешова Назимат БекқазықызыТелефон:
8 (7132) 74-76-31Электрондық пошта:
n.demeshova@aktobe.gov.kz.Архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі функциялары:
Тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалануды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры мен архивтер туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
«Архив – 2025» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы ұйымдастырылуын және есебінің уақтылы жинақталуын қадағалау;
Архивтік құжаттарды сандық форматқа енгізу және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстарын үйлестіру;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттар дайындауды ұйымдастыру;
Азаматтық хал актілерін тіркеу және нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу жұмыстарын үйлестіру;
Цифрландыру, талдау және жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру;
Арыз-шағымдарға тиісті органдарға есеп тапсыруды қамтамасыз ету;
Тілдерді дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру;
Сайлауалды бағдарламалар мен Жол картасының іс-шараларын орындауды қадағалау;
Ашық диалог және сенім телефоны қызметінің жұмысын бақылау.
Бөлім басшысы:
Каракова Лидия АмантаевнаТелефон:
8 (7132) 74-76-29Электрондық пошта:
L.karakova@aktobe.gov.kzҚаржы және жоспарлау бөлімі
Қаржы және жоспарлау бөлімі «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі функциялары:
Басқарманың жұмысына қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін қадағалау;
Негізгі құралдар мен материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету;
Ақтөбе агломерациясын, шағын және моноқалаларды дамыту бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіру және есеп беруін қадағалау;
Мәдениет және архив нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша құжаттарды дайындау және мониторинг жүргізу;
Облыстық мекемелер желісінің жағдайын бақылау, материалдық-техникалық базасын сақтау, дамыту және нығайту;
Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, бюджеттік өтінімдердің уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету;
Сайлауалды бағдарламалар мен Жол картасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету;
Басқарма аппараты мен бағынысты мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізу және талдау жасау;
Тоқсандық және жылдық қаржылық есептерді әзірлеу және тапсыру;
Саланың қаржы-экономикалық қызметі жөнінде уақытылы ақпарат жинау және қамтамасыз ету;
Басқарманың кадр саясатын жүзеге асыру және персоналды басқаруды үйлестіру;
Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты қаржыландыруды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызметшілер бойынша Әдеп жөніндегі уәкілге есеп беруді бақылау.
Бөлім басшысы:
Бисаутова Турсынгул ЖангилишовнаТелефон:
8 (7132) 74-76-30Электрондық пошта:
t.bisautova@aktobe.gov.kz