
1989 жылғы 15 ақпанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген. 2010 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі - қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мансап
2010-2011 жылдары - Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылы, «Ә.Махутов атындағы орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2011-2012 жылдары - Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылы, А.Махутов атындағы орта мектебі» ММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2012-2018 жылдары - Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының әдіскері
2018-2019 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының аға әдіскері
2019-2021 жылдары - Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы
2021-2024 жылдары - Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік шығармашылық тапсырыс және кітапхана жұмысы бөлімінің басшысы
2024 жылғы 1 ақпанда "Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ өнер және халық шығармашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалды