Жиі қойылатын сұрақтар
Жалпы адамдарға қандай да бір екпені салатын медициналық ұйымда бұйрықпен эксперттік комиссия құралады, адам денсаулығына кері әсері болып жатса сол комиссия мүшелері сараптап қорытынды береді. Бірақ вакцина адам ағзасына енгізілетін бөгде зат болғандықтан (ішетін тамақ, сырқаттанып қалғанда ішетін дәрі, тұрмыста пайдаланатын химиялық заттар т.б.сияқты) оған міндетті түрде адам ағзасы жауап береді. Ол ағзаның жауабы әртүрлі болады: күтілетін ол қысқа уақытта көрініс беретін дененің қызуы көтерілуі, бей-жайлық, екпе салған жердің аздап қызарып ісінуі сияқты, ол ем-домсыз 2-3 күннің ішінде қайтатын жағдай. Екінші жағдай ағзадан күтпеген әсердің болуы ол аллергиялық әсер, оның ішінде анафилактикалық шок болуы. Ол анафилактикалық шоктың болуын ешкім қандай да бір заттан болу- болмауын алдын ала білмейді, тура осы адам тура осы вакцинаға немесе осы дәріге, осы тағамға аллергиялық әсері болуы мүмкін, ол 1 млн. адамның ішінде бір адамда болуы мүмкін. Бірақ медицина қызметкерлері ол жағдайда көмек көрсете алады, әр бір екпе жасайтын кабинетте арнайы шокқа қарсы дәрі –дәрмектер бар, сол үшін адамдар екпе алғаннан кейін сол жерде 30 минут уақыт бақылауда болу керек. Вакцинаның адам ағзасына кері әсері адамның басқа бір сырқатымен қатар келіп қалудан да болуы мүмкін. Қорытындылап айтқанда қандай да бір күтпеген кері әсері болып жатса эксперттік комиссия сараптайды, сол комиссияның қорытындысына қарай медицина қызметкерінің қателігі болып жатса жауакершілікке тартылады. Жалпы айта кететін бір жағдай ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Демек ағзасына екпе салдыруға, дәрі дәрмек жасауға, операция жасауға, қан құюға сияқты т.б. жағдайда ақпараттандырылған келісім беру керек немесе бас тартуға құқы бар. Келісім берілді деген жауапкершілікті медицина қызметкерінен алып тастау емес екенін атап өткім келеді.
Қандай да бір вакцинаны жасап шығару барысында дайындалған вакцинаны кезең- кезеңмен тексеруден өткізеді, алдымен жануарларда (ақ тышқандар, теңіз шошқалары т.б.), одан кейін 3 кезең адамдарда клиникалық сынақтан өткізіледі, одан әрі бәрі дұрыс болса вакцинаның құжаттарын Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығына сертификаттауға және тіркеуге беріледі. Біріншіден Ресей Федерациясы бұрынғы Кеңестер Одағының кезінен бері вакцина шығаратын, тәжірибесі мол ғылыми орталықтары бар мемлекет. Екіншіден Ресей Федерациясының вакцинасы бірінші болып мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып жатыр. Ресей Федерациясының тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, 50-ге жуық ел осы вакцинаны сатып алуға өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларусь, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде қолдануда. Үшіншіден бүгінгі күнге дейін Ресейден шыққан полиомиелит, кене энцефалитіне қарсы вакцина, иммуноглобулин, сібір жарасы, туляремия, грипп сияқты жұқпаларға қарсы вакциналарды сәтті пайдаланып жүрміз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелмеген дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар дәрілік заттың сапасын растайтын өндіруші құжатының электрондық көшірмесі (талдау сертификаттары немесе сынақ хаттамасы немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты) болуы міндетті.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес, адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы»№ 320 бұйрығына сәйкес, Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда, тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болу (тұру) орны бойынша, тіркелумен расталады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азамат тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінуі қажет. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азамат ретінде тіркеліп, Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары мен бос жұмыс орындарын ұсынады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.Комиссия нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін қарастырады.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жер комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.
Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру конкурс негізінде жүзеге асырылады.Шаруа қожалығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары бөлімдері қалыптастырады және бұл қоғамдық кеңестермен, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісіледі.Конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады. Конкурсты жер комиссиясы өткізеді.Конкурстың қорытындысы жер комиссиясының хаттамалық шешімімен ресімделеді.
«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жәек ғылым министрлігінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгзу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына сәйкес қажетті құжаттар тізімі:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын - босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман - оралман куәлігі.
«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жәек ғылым министрлігінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгзу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына сәйкес тұлғалардың білім беру ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау:1) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.