Құрылым

"Алға аудандық ішкі саясат бөлімі" ММ

Қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру; аудандағы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің, облыстық ішкі саясат басқармасының ішкі саясат мәселелері жөніндегі актілерінің орындалуын бақылау; ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру; ауданда Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стиль қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты және объективті зерттеу, жинақтау және талдау; аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау және оны өткізу бойынша өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру.  ауданның қоғамдық-саяси жағдайын болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу; қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық – саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.

Толығырақ

Телефон:

+771337 4-18-00

Электрондық пошта:

a.zheksembaeva@aktobe.gov.kz

"Ақтөбе облысы Алға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ

«Ақтөбе облысы Алға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік  мекемесі Алға ауданының аумағында жер қатынастары саласын реттеу, жер қатынастары саласын мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады

«Ақтөбе облысы Алға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

- Алға ауданы аумағында жер қатынастарын реттеу

Толығырақ

Электрондық пошта:

kb.nursultan@aktobe.gov.kz

"Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Аз қамтылған тұрғындар топтарын әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, аз қамтылған тұрғындардың тұрмыс деңгейін зерттейді. Атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, тұрғын үй көмегін және басқа да әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін құжаттарды есемке алу және тіркеу жұмыстарын ұйымдастырады. Оралмандарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді. «Халық жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан аумағында мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын іске асырады. Халықты жұмыспен қамту іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал етеді, жұмыссыз азаматтардың квалификациялық денгейі және еңбек нарығының сұранысына қарай кәсіби мамандыққа оқытады және қоғамдық жұмыстарға тартады. Еңбек нарығының жағдайы болжамына талдау жүргізіп, жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Жұмыс берушілерге, меншік түріне қарамастан, өздеріне қажетті жұмысшы (қызметкерлерді) іріктеп алуға көмектеседі. Жұмыс берушілер және жұмыссыздар үшін семинарлар, бос жұмыс орындарының жәрменкелерін, кеңес берулерді ұйымдастырады.

Толығырақ

Телефон:

+771337 4-12-06

Электрондық пошта:

g.akhmetova@aktobe.gov.kz

"Алға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ

Алға ауданы аумағында автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласын іске асыру; жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуын қамтамасыз ету; жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласың мемлекепттік қоғамдық және жеке мүддесінің дамуын қорғау; ауданның даму бюджеті басымдылықтарын қалыптарстыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу; жол саласындағы біріңғай гормативтік және техникалық мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, жөндеу, ұстау жіне көгалдандыру инженерлік техникалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жұмысты бақылауды ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

+771337 4-20-94

Электрондық пошта:

k.usengaliev@aktobe.gov.kz

"Ақтөбе облысы Алға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ

"Ақтөбе облысы Алға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Алға ауданының аумағында жер қатынастарын сапасын реттеу, агроөнеркәсіптік кешенің, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерің жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

+771337 4-21-49

Электрондық пошта:

m.idrisov@aktobe.gov.kz

"Алға аудандық білім бөлімі" ММ

Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту; азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту.

Толығырақ

«Ақтөбе облысы Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

«Ақтөбе облысы Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

+771337 4-15-20

Электрондық пошта:

s.artygalin@aktobe.gov.kz

"Алға аудандық қаржы бөлімі" ММ

жергілікті бюджеттің іске асырылу процесін жетілдіру, бюджеттік бағдарламалау,  жергілікті  бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне баға беру, ақша  ресурстарын  басқару  әдістерін  енгізу;  мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін жекешелендіру мәселелері, жөніндегі заңнамалардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру, оларды қолданудағы тәжірибелерді талдау және жинақтау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, өз  құзыры  шегінде  заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық  актілерді  дайындауға  қатысу;  мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру,мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамсыз ету, әлеуеттік өнім берушілерге мемлкеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік берілуін қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

+771337 4-21-59

Электрондық пошта:

g.kozhaberlina@aktobe.gov.kz

"Алға аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы мен салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау жасау және реформалар барысын бағалау; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының және жергілікті бюджеттің орта мерзімді жоспарын әзірлейді; салық және басқа да қаржы органдарымен әрекеттестікте мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысады; бюджеттік  бағдарламалар әдістерін енгізеді, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалайды; мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп әлеуетті инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ұйымдарға жәрдемдеседі; ауданның даму бюджетінің басымдықтарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды жасайды.

Толығырақ

Телефон:

+771337 4-20-29

Электрондық пошта:

d.askarova@aktobe.gov.kz

"Алға аудандық құрылыс бөлімі" ММ

Алға ауданының аумағында мемлекеттік құрылыс қызметі саясатын іске асыру; аумақтың ққұрылыс кезінде азаматтар мен қоғамның өмір сүруге қолайлы және экологиялық қауіпсіз өмір сүру оратсын қалыптастырудағы мүдделерін қамтамасыз ету; тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен имараттардың жөнделу сапсасын және құрылымдық тұрақтылығын арттыру.

Толығырақ

Телефон:

+771337 4-19-90

Электрондық пошта:

zh.pirimzhanov@aktobe.gov.kz