«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»» мемлекеттік бағдарламасының аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, жұмыссыз адамдарды қолдау мақсатында атқарылып жатқан шаруалар жетерлік. Қаншама тұрғынның өз шаруасын ілгері жылжытуына, өз кәсібін дөңгелетіп әкетуіне мұрындық болуда.