
Өз кәсібін ашып, жұмысын жандандырған жанның бірі Абай ауданы, Саржал ауылының тұрғыны Қаратаев Талант. Ол «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен өтіп, сертификат алып, бағдарлама шеңберінде жиһаз жасайтын құрылғы алуға 555 600 теңге қайтарымсыз грант алды. Бүгінгі күні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, өз жұмысын жүргізіп жатыр. Ол өз сөзінде:
⠀
- Мемлекет тарапынан бұрын-сонды ешқандай көмек алмағанмын. «Еңбек» бағдарламасы арқылы қолдаулар бар екенін ақпарат құралдарынан біліп, жұмыспен қамту орталығына келдім. Мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грант ұтып алдым. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға ризашылығымды білдіремін, -деді.
⠀
Осындай игі істер көп болып, еліміздің іргесі берік, келешегі кемел болсын!