Жиі қойылатын сұрақтар

Байланыс операторы интернет немесе ұялы байланыс үшін абоненттік төлемді арттыра алады, егер:

  1. абонентті 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етсе (СМС, e-mail, сайт және т.б. арқылы);
  2. Көтерілу тариф шарттарын өзгертпей, тек бағаға ғана қатысты (мысалы, минуттар, гигабайт, қызметтер саны);
  3. шартта немесе жария офертада оператор тарифтерді өзгерте алады деп көрсетілген.

Егер абонент жаңа талаптармен келіспесе, ол тарифтен бас тартуға немесе шартты бұзуға құқылы.

Егер оператор:

  1. 30 күн бұрын хабарламаса;
  2. бір мезгілде тарифтің мазмұнын өзгертсе (мысалы, интернет-пакетті азайтып, бағаны көтерді);
  3. шартта немесе жария офертта тарифті өзгерту құқығын көрсетпесе.

Мұндай жағдайда абонент: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне (ҚР ЖИжЦДМ); Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚжДА) шағымдана алады;

Мысалы:

Сіз «Лимитсіз 50 ГБ» тарифін айына 5 000  пайдаланасыз. Оператор бағаны 5 500-ге дейін көтеруді шешті. Заңды, егер: Сізге 30 күн бұрын хабарланған болса; тариф шарттары (50 ГБ, минут, СМС) өзгерген жоқ. Заңсыз, егер: хабарлама болмаса; баға көтерілген кезде интернет-пакетті немесе басқа да қызметтерді азайтты.