АФМ

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қоғамдық кеңесі құрамына қосымша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Құрметті азаматтар және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері!
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2-қарашадағы Заңының 8-бабына және Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге (АҚДМ 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген) сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурстық іріктеуді жариялайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі он күн ішінде «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2-қарашадағы ҚР Заңының 10-бабы 1) және 2) тармақтарына сәйкес пошта немесе электрондық мекенжайға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, ұсыныстар береді:

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткер бола алады.

  1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымауы;

3) психикалық денсаулық саласында психикалық, мінез-құлық бұзылуларға (ауруларға), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Кандидаттар келесі жағдайлардың бірінде сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді:

1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;

3) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну.

 

Құжаттар 2022 жылғы 10 қаңтарына дейін (қоса алғанда) қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көш., 10, немесе электронды адреске: Zh.alashbaeva@afmrk.gov.kz
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 15-тен 30 мүшеге дейін, Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

 

Құқықтық актілерге сілтемелер:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000383
Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереже
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022264

 

 

Дата публикации
21 декабря 2021
Дата обновления
21 декабря 2021
Тип
Қоғамдық кеңес

Сейчас читают

Ақпарат
10 августа 2026
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
Ақпарат
11 февраля 2026
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
26 июня 2025
«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы