

Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар мақсатында ақша операциясын өткізуге қатысатын ұйымдар ҚР ҚМА қаржы мониторингіне жататын ақшамен немесе өзге мүлікпен күдікті операциялар туралы уақытылы ақпараттандыруға міндетті.
Қаржы мониторингі Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Күдікті қаржы операциялар туралы хабарламалар хабарламаларды қалыптастыру ережесіне сәйкес жасалады.
Қаржы мониторингі субъектілерінен ақпаратты алу процесін автоматтандыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бірыңғай ақпараттық талдамалы жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Қаржы операциялары туралы мәліметтерді жинау жүйесі (ҚОМЖЖ) құрылған.
Қаржы мониторинг субъектісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге күдікті операцияны тоқтату туралы шешімін алған болса, субъект Агенттік шешімінде көрссетілген тек сол операцияны ғана тоқтатқаны жөн.
Жоқ. Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы» Заңының (бұдан ары – АЖ/ТҚҚК туралы заң) 11-бабының 5-тармағына сәйкес, қаржы мониторингі субъектілері және олардың қызметкерлері клиенттерге және басқа тұлғаларға құзыретті органға мұндай клиенттер және олар жасаған операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттардың ұсынылуы туралы хабарлауға құқығы жоқ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің операцияны тоқтату жөніндегі шешімін клиентке хабарлай отыра қаржы мониторингі субъектісі клиентке ҚМА-не ақпарат берілгені туралы хабарлайды, сол арқылы АЖ/ТҚҚК туралы Заңның 11-бабының 5-тармағын бұзады.
Рұқсатты жеке немесе заңды тұлғалар алуы тиіс және ол күшінде болуы тиіс, ал хабарламаны жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе іс-қимылды (операцияны) жүзеге асыруды бастағанға дейін жолдауы тиіс, оларға қатысты осы Заңда рұқсат етілетін немесе хабарлау тәртібі белгіленген.
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияны) рұқсатсыз немесе хабарлаусыз жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес рұқсат етілетін немесе хабарлау тәртібі енгізілгенге дейін қызметті немесе іс-қимылды (операцияны) жүзеге асыруды жалғастыру үшін оларға қатысты ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңымен рұқсат етілетін немесе хабарлау тәртібі енгізіледі, тиісті рұқсат алуға немесе тиісті хабарлама жолдауға міндетті.