АФМ

Меню

Страницы

Статья

Алматыда букмекерлік ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ҚР-ның аумағында ойын бизнесі саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері және кәсіпкерлік субъектілері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңына енгізілген жаңа түзетулерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, енгізілген өзгерістерге сәйкес букмекерлік ұйымдарға төлемдерді қабылдау және ұтыстарды төлеу енді Мөлшерлемелерді есепке алудың бірыңғай орталығы арқылы жүзеге асырылады. Осы шараның арқасында букмекерлік бизнестің ашықтығы қамтамасыз етіліп, ойын саласының жосықсыз қатысушылары анықталатын болады.

Сондай-ақ, Қапшағай қаласы мен Бурабай ауданының аумағында ойын қызметін бастау туралы мәселелер қозғалды.

Ойын бизнесі субъектілеріне «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын мәліметтерді ұсыну қажеттігі туралы ақпарат жеткізілді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, мемлекеттік органдардың букмекерлік кеңселер өкілдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram

 

 

Дата публикации
27 июня 2021
Дата обновления
27 июня 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
10 августа 2026
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
Ақпарат
11 февраля 2026
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
26 июня 2025
«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы