
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа "көлеңкелі" экономиканың деңгейін қысқарту жұмыстары туралы баяндады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жанат Элиманов бүгінде 2,8 трлн теңгеге жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын 87 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылғанын атап өтті.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңды тұлғалармен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру 24%-ға азайды. Сонымен қатар, 10 жасырын цехтың қызметі тоқтатылды, 800 мыңнан астам бөтелке есепке алынбаған алкоголь өнімі тәркіленді. 96 заңсыз ойын мекемелері жабылды, 1 200-ден астам ойын автоматтары, терминалдар мен покер үстелдері заңсыз айналымнан тәркіленіп алынды. Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының 40 фактісі анықталды", - делінген хабарламада.
Агенттік төрағасының айтуынша, 2021-2022 жылдары Қазақстанның жылыстатуға қарсы жүйесі Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ФАТФ стандарттарын қолдану бойынша (ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) Өзара бағалаудан өтуі тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Қаржылық мониторинг агенттігі құрылатыны туралы ағымдағы жылдың қаңтарында мәлімдеді. Мемлекет басшысы белгілеген мақсат – ел экономикасындағы "көлеңкелі" аймақтың үлесін 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 15% - ына дейін төмендету қазжет екендігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Экономикалық тергеп-тексеру қызметі 2019 жылдың 25 қаңтарында қайта құрылды.
Дереккөз: Kursiv.kz.