Шетелдік және отандық сарапшылар сот сараптамасын жетілдіру сұрақтарын талқылады

2018 жылғы 5 желтоқсанда М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде Дүниежүзілік Банктің «Қазақстандағы сот сараптамасын күшейту» атты жобасының аясында «Сот сараптамасын жетілдіру: басқару, білім, сот төрелігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Бұл Жоба Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмасы бойынша соңғы екі жыл бойы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті ұлттық кеңесші ретінде ұсынуымен және жобаның шетелдік серіктестері: Ұлыбританияның сот-сараптама саласындағы жетекші ЖОО - King’s College London, Біріккен Араб Әмірліктерінің ең үздік сот-сараптама лабораторияларының бірі – Key Forensic Services и QPA Strategies халықаралық консорциумінің күшімен жүзеге асырылады.

Конференция екі жыл бойы жасалып келген жұмыстың қорытындысы іспетті болды. Қатысушыларға негізгі үш бағыт бойынша қол жеткізген нәтижелер ұсынылды: сот сараптамасының құқықтық және институционалдық құрылымын жаңғырту; сот-сараптама қызметінің тиімділігін ішкі бағалау жүйесін әзірлеу мен пилоттау; сарапшы кадрлердің біліктілігін арттыру.
Пленарлық сессияны ашқан Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов, жоба бір жағынан ең маңызды, екінші жағынан ең күрделі, әрі сот сараптамасын жаңғырту бағытын қамтығанын өз баяндамасында атап өтті.

Конференцияда Қазақстанның барлық билік тармақтарының, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ұлттық және шетелдік сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері қатысты. Олар өз баяндамаларында және соңғы талқылауда жасалған жұмыстарға оң баға берді.
"Біз сот сараптамасы реформалары туралы прогресті талқылау және пікір алмасу үшін Астана қаласында жиналып отырғанымызға қуаныштымыз" -деді, конференцияны басқарған Жобаның Жетекшісі, Юрий Бикбаев. "Көп нәрсеге қол жеткізілді,бірақ әлі де көп реформаларды күн тәртібі бойынша жалғастыру керек".