
ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Абдреева Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік саласындағы ведомстволары басшыларының екінші отырысына қатысты.
Шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, жасанды интеллектіні дамытудың өзекті мәселелері және Түркі мемлекеттерінің патенттік ұйымын құру перспективалары талқыланды.
Қазақстан тарапы зияткерлік меншік құқығының жаңа Конституцияда бекітілуінің маңыздылығын атап өтіп, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін растады.
Отырыс қорытындысы бойынша Бірлескен декларация қабылданып, ведомстволар басшыларының келесі отырысын Қазақстанда өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.