Астанада «Адамға бағдарлану – Қазақстандағы конституциялық реформаның векторы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырған іс-шарада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, конституциялық кепілдіктерді нығайту және заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және азаматтық қоғамдастықтың өкілдерімен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері онлайн форматта қатысты.
Қатысушылар адам құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері мен конституциялық реформаны іске асыру жолдары бойынша пікір алмасты.
Қызмет бағыты