Халықаралық сарапшылар ұлттық мүдделерді қорғау тәжірибесімен бөлісті

Халықаралық сарапшылар ұлттық мүдделерді қорғау тәжірибесімен бөлісті

«Мемлекеттік органдар үшін тапсырмалар: шетелдік инвесторлардың Қазақстанға қарсы талап қою қаупін қалай төмендетуге болады» тақырыбында Әділет министрлігі "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК базасында семинар өткізді.

Іс-шара барысында халықаралық сарапшылар қатысушыларға ағымдағы мәселелерді талқылауға және ұлттық мүдделерді қорғаудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге бірегей мүмкіндік бере отырып, өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар азаматтық-құқықтық қатынастардағы мемлекет мүдделерін қорғаудың негізгі аспектілерін түсіндіру бойынша тұрақты сессия аясында ұйымдастырылды. Шараға түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері жинағанын атап өту керек.