Әділет вице-министрі Ботагоз Жақселекова БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесті

Әділет вице-министрі Ботагоз Жақселекова БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесті

2023 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ботагоз Жақселекова БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханыммен кездесті.
Кездесу барысында тараптар елімізде жүргізіліп жатқан реформалар және адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің шеңберінде ұсынымдарды іске асыру барысын, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдау мерейтойы қарсаңында ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқылады.
Қатысушылар адам құқықтары саласында жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.