Әдеп жөніндегі уәкілдің өңірлердегі мемлекеттік қызметшілермен кездесуі.
Ағымдағы жылдың 26-29 қыркүйек аралығында ҚР Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдыкова Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары әділет департаменттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне қатысты семинарлар өткізді.
Семинардың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды алдын алу, қызметкерлердің бойына парасаттылық, әділдік және адалдық қасиеттерін сіңіру, сондай-ақ қызметкерлердің моральдық-әдептілік құндылықтарын санасында қалыптастыру болып табылады.
Семинар соңында ұжымның қызмет атқару барысында туындайтын мәселелері талқыланып, әрбір қызметкермен жеке әңгімелесу жүргізілді.
Қызметкерлермен жеке әңгімелесу нәтижесі бойынша ұжымның моральдық-психологиялық ахуалының деңгейіне баға берілді.