Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясындағы кездесу

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясындағы кездесу
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған Ынтымақтастық Бағдарламасы шеңберінде екі елдің министрліктері қызметкерлерінің кездесуі өтті. Онлайн кездесу барысында әділет органдары жүйесінде этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар талқыланды.
Осы кездесу шеңберінде Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Сыдықова Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі туралы баяндамамен таныстырды.
Сонымен қатар, кадр қызметі департаментінің бақылау және тәртіп басқармасының басшысы Б.С. Бейсен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қабылданатын мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігі мәселелері бойынша әріптестерімен бөлісті.
Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп кодексінің жобасын әзірлеп жатқанын ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.