АЭФ-2018-де «Дүниежүзілік Банк жобасы аясында жеке сот сараптамасы нарығын дамыту» тақырыбы талқыланды
Астана экономикалық форумы аясында М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ Университет провосты Мирас Дауленов "Дүниежүзілік Банк жобасы аясында жеке сот сараптамасы нарығын дамыту" тақырыбында сөз сөйледі.
Өз баяндамасында спикер әлемдегі сот сараптамасы қызметінің даму үлгілері мен негізгі трендтері, сондай-ақ осы мәселедегі мемлекеттің рөлі туралы айтып өтті. Мирас Дауленов сот ісін жүргізудегі арнаулы ғылыми білімдердің маңыздылығы туралы және осы саладағы монополиясыздандыру тұрғысынан оларды қолдану нысандары туралы өз көзқарасымен бөлісті.
Университеттің проректоры Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚазМЗУ Университетімен бірлесе жүзеге асыратын Дүниежүзілік банктің «Сот сараптамасын күшейту» жобасы шеңберінде зерделенген нақты елдерді мысалға ала отырып, сот-құқықтық қызмет көрсету нарығын құқықтық реттеудің ерекшеліктері мен оның барлық қатысушыларын тиімді ынталандырудың тетіктері туралы айтты.
Бұдан басқа, Қазақстандағы сот сараптамасы жүйесінің арнайы эмпирикалық және нормативтік-құқықтық зерттеулерінің нәтижелері ұсынылды, нәтижесі бойынша нақты қолданбалы ұсыныстар жасалды
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02
pressgov@mail.ru