Шымкент қаласында «Hermes» тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі анықталды

22 мамырда ОҚО Әділет департаменті қызметкерлерімен «Hermes» тауар таңбасының құқық иегерінің сенімді өкілі Ж.Нурмагамбетовтың арызы негізінде, Шымкент қаласы, Асқаров көшесі 39 үй, «IZUMY» дүкенінде орналасқан жеке кәсіпкер Ералиева Мария Омиралиевна мен Шымкент қаласы, Бәйдібек би көшесі 53 үй, «IZUMY» дүкенінде жеке кәсіпкер Атанесян Ирина Юрьевнаның қызметтеріне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру кезінде «Hermes» тауар таңбасы бейнеленген ерлер шарбарлары (джинсы) заңсыз айналымнан алынып, яғни заңсыз тауар таңбасын пайдалану фактісі анықталды.
Нәтижесінде, 70 000 теңгенің 5 дана «Hermes» тауар таңбасы бейнеленген айғақты заттар тәркіленіп, тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158 бабымен 2 әкімшілік іс қозғалып, іс құжаттар Шымкент қалалық мамадандырылған әкімшілік сотқа жолдау үстінде.
ОҚО Әділет департаментінің
баспасөз қызметі