Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2019 жылғы бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есептерді жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ашық бюджеттер» интернет-порталында (https://budget.egov.kz) Әділет министрлігінің 2019 жылғы бюджеттік бағдарламаларыніске асыру туралы есептерді жария талқылау үшін орналастырылғанын хабарлайды.
Бюджеттік бағдарламалар:
001 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету»;
005 «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі»;
006 «Мемлекеттік органдардың заң шығармашылық қызметін ғылыми сүйемелдеу»;
009 «Халықты құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету және Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесін жүргізу»;
047 «Төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ төрелікке және сотқа дейінгі дауларды реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау»;
059 «Сот төрелігінің секторын институционалды түрде нығайту жобасын іске асыру»;
060 «Сот-сараптама кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»;
065 «Сот сараптамалары бойынша қызметтер»;
101 «Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу»;
138 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету».