«Жаңа форматтағы диало

«Жаңа форматтағы диало

Бүгін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сот актілерін орындау және жеке сот орындаушыларының қызметі мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Іс-шара «Nur Otan» партиясы Бірлік филиалының «Әділет» БПҰ қатысуымен ZOOM-конференция платформасында онлайн форматта «ADALDYQ ALANY» Жобалық кеңсесінің алаңында өтті.

Мемлекет басшысы К.Қ. Тоқаев бастамашы болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтар мен мемлекет арасындағы диалог, өзара іс-қимыл және ынтымақтастық үшін бағытталған. Азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және тиімді әрекет ету.

Аталған іс-шараны өткізудің басты мақсаты - азаматтарға құқықтық көмек көрсету және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде туындаған проблемаларды шешу.

ҚР Әділет министрлігінің «ADALDYQ ALANY» Жобалық кеңсесі өтініштерді қабылдау бойынша тұрақты негізде азаматтарды қабылдауды жаңа форматта өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтеміз.