Жиі қойылатын сұрақтар
Сенімхат куәландыру үшін аумақтық шектеулер жоқ, яғни кез келген аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарына немесе кез келген нотариусқа жүгінуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабына және «Құқықтық актілер туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен санкциялауға тиіс.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі құқықтық көмекке мұқтаж адамның тұрғыл ықты жері мен орналасқан жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында көрсетіледі.
Зияткерлік меншікке құқықтарды тіркеуші болып ҚР Әділет Министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты (ҰЗМИ) табылады. ҰЗМИ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толықтай автоматтандырылды. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижелерін беру формасы-электронды. Сондықтан, өтінімді egov.kz веб-порталы немесе ҚР ӘМ ҰЗМИ-ның kazpatent.kz сайты арқылы онлайн беріледі.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің талаптарына сәйкес, некені сот тәртібімен бұзу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
* ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
*ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімінің болмауы);
* егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсылықтарының болмауына қарамастан, өзінің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса);
*ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және басқа да талаптарының болуы.
Ажырасуды талап ететін ерлі-зайыптылардың бірі сотқа жүгінеді.
Әдетте, некені бұзу туралы талап жауапкердің, яғни басқа жұбайының тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.
Сіздің жағдайыңызды ескере отырып, Сізге АХАТ органдарына жұбайыңыздың некені өз еркімен бұзудан жалтарғанын растайтын анықтама алу үшін жазбаша түрде жүгіну қажет. Содан кейін некені бұзу туралы сотқа талап арыз беріңіз.
1-топтағы мүгедек ретінде Сіз мемлекеттік баж төлеуден босатыласыз.
Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады.
Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы – мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы.
Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес, кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру құқығы, мемлекеттік тіркеуге жатады. Мүлікті тіркеу сұрақтарымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалына жүгінуіңіз қажет.
Атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерiнде сағат алтыдан жиырма екі сағатқа дейін жасалады. Атқарушылық әрекеттердi осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгiлейдi. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық әрекеттер жасаудың өздерiне қолайлы уақытын ұсынуға құқылы.
Демалыс және мереке күндерiнде, сондай-ақ түнгi уақытта атқарушылық әрекеттерге, кейiнге қалдыруға болмайтын немесе оларды борышкердiң кiнәсiнен басқа күндерде және осы Заңда белгiленген уақытта жасау мүмкiн болмаған жағдайларда ғана жол берiледi.
Алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алушының таңдауы бойынша борышкердiң өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде алған не оның берешегi айқындалған кезде алған нақты жалақысын (табысын) негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жерде белгiлейдi.
Сонымен қатар, егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерi негізге ала отырып айқындалады.