Жиі қойылатын сұрақтар
Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
- борышкерге қатысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін;
- борышкердің мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаған кезде (алимент өндіру бойынша);
- сондай-ақ борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде, атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
МКБЗК бюджет қаражаты есебінен "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңда және ҚР заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен оны алуға құқығы бар адамдарға көрсетіледі.
МКБЗК алуға құқығы бар тұлғалар:
Барлық жеке және заңды тұлғалар МКБЗК-н құқықтық ақпарат түрінде тегін алуға құқылы.
І. Азаматтық істер бойынша
1) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;
2) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшы мен жауапкерлер;
4) заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;
ІІ. Қылмыстық істер бойынша:
1) қорғалуға құқығы бар куә, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелетке толмағандар болып табылатын немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілер;
III. Әкімшілік істер бойынша:
1) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға;
IV. Алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар.
Сот орындаушысы, атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы (әрі қарай-Қаулы) шығаруға міндетті.
Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады.
Қаулы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады. Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін жіберіледі.
ҚР Патент Заңының 10 баптың 2 тармағына сәйкес, егер жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік объектілеріне қорғау құжаттарының құқықтары жұмыс берушіге тиесілі болады.
Борышкердің мекендеу жері белгісіз болған жағдайда, сот орындаушы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы қаулымен атқарушылық құжат орындалатын жердегі прокуратура органдарына жүгінуге міндетті.
Борышкерге іздеу салу ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы жүргізіледі.
Борышкерге іздеу салу жарияланғаннан бастап, атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады, ал борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта жаңартылады.
Борышкерге iздеу салуды прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.
Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндiрiп алынуға тиiс.
Мемлекеттік қызметке кіру кезеңдерінің бірі мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері өткізетін мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу үш бағдарламаның бірі бойынша өткізіледі.
Тестілеуге қатысу үшін азамат күні мен уақытын таңдап, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-қа жүгіну арқылы өтініш береді.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеудің нәтижесін тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес алған азаматқа тестілеуден өткені туралы сертификат беріледі, ол тестілеуден өткен күннен бастап бір жыл бойы жарамды.
Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, теріс нәтиже алған жағдайда, азамат тестілеуден өткен күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кейін қайта тестілеуден өте алады.
Бүгінгі таңда, Сіздің банк алдында қарызыңыз жоқ екендігін дәлелдейтін құжатты және мемлекет пайдасына 10 пайыз атқарушылық санкциясын төлегендігіңіз туралы түбіртекті қоса арыз жазып, құжаттарды онлайн немесе пошта арқылы Ақтөбе облысы Әділет департаментіне жолдауыңыз қажет. Мемлекеттік сот орындаушы ұсынылған құжаттарыңызды қарап және олар заңды талаптарға сәйкес болған жағдайда, мүліктен тыйымды алу қауылысын шығарып, тиісті органдарға, орындау үшін жолдайды
Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.
Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.
Құқық иеленушіні сәйкестендіретін деректерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және туған күні, заңды тұлғаның атауы және тіркеу нөмірі) қоспағанда, азаматтар (дербес деректер) және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер берілмейді.
Дербес деректерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген, егер сұратылған ақпарат қол жетімділігі шектеулі ақпаратқа қатысты болса, ақпаратқа қол жеткізуден бас тартылады.
Осылайша, жеке немесе заңды тұлғаның меншігінде бар жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер тіркеуші орган куәландыруымен адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, сот орындаушыларының іс жүргізудегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес жүргізудегі салық және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердің дәлелді сұрау салулары, банкроттық рәсімдеріндегі Конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшілерінің, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушы), қорғаншы және қамқоршы органдардың сураулары бойынша беріледі.
Ақпаратты электрондық түрде беру Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе интернет-ресурс арқылы электрондық сандық қолтаңба болған кезде жүзеге асырылады. Сондай-ақ электрондық ақпараттық қызметтер нысандарындағы деректер қызметті ұсыну сәтінде жарамды болып табылады.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім жасасқаннан кейін немесе оны мұраға алған соң және де жылжымайтын мүлікке құқықтың туындауының өзге жағдайларында «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9 бабына сәйкес құқықты 6 ай ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ арыз беру арқылы тіркеу қажет