#УрджарАдалдықалаңы

«Үржар - Адалдық алаңы» аудандағы су құбыры жұмыстарына монитроинг жүгргізді
«Үржар - Адалдық алаңы» аудандағы су құбыры жұмыстарына монитроинг жүгргізді

Аудан бойынша 8 елді мекенде су құбырларын орнату жұмыстары жалғасы табуда. Барлығы аудан бойынша аталған жұмыстарға 2 345 307,0 теңге қаражат бөлінген, атап айтқанда:

-Барқытбел ауылына 305209,0 теңге

-Үржар ауылына 431716,0 теңге

-Егінсу ауылына 456651,0 теңге

-Жанай ауылына 434679,0 теңге

-Қаратал ауылына 541273,0 теңге

-Қабанбай ауылына 93840,0 теңге

-Айтбай ауылына 46781,0 теңге Лайбұлақ ауылына 35074,0 теңге.

Новости
Дата публикации: 27.04.2022
Аудандық сот жұмысының ашықтығына мониторинг жүргізілді
Аудандық сот жұмысының ашықтығына мониторинг жүргізілді

«Үржар - Адалдық алыңы» жобалық кеңсесінің өкілдері аудандық сот жұмысы барысымен танысты.
Үржар ауданы бойынша 1 аудандық сот жұмыс жасайды. Қазіргі таңда сот отырыстары онлайн форматта өтеді. Жалпы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 191 әкімшілік, 108 азаматтық, 8 қылмыстық іс қаралды. Айына жалпы есеппен 36 заңды және жеке тұлғаларды қабылдау өткізіледі. Сондай ақ ауылдық округтер әкімшіліктерінде халыққа қолайлы болуы үшін арнайы Е-Сот жүйесі орналастырылған ноутбукпен жабдықталған бұрыштар бар. Қоғамдық бақылау барысында құқық бұзушылықтар анықталмады.

Новости
Дата публикации: 25.04.2022
Ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде көктемгі егін егу және дақылдандыру жұмыстары
Ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде көктемгі егін егу және дақылдандыру жұмыстары

«Үржар - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері егін егу және дақылдандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Егіс алқаптарының құрылымы:
2022 жылы Үржар ауданы бойынша егіс алқабын 187 314 га дейін жеткізу жоспарлануда.
2022 жылға арналған егіс алқаптарының құрылымы келесідей түрде ұсынылатын болады:
-дәнді дақылдар 62 776 га (33,5 %);
-майлы дақылдар барлығы 72 686 га (38,8%),
-оның ішінде күнбағыс – 70 000 га (37,4 %);
-азықтық дақылдар 46 350 га (24,7%);
-картоп 2 341 га (1,3%);
-көкөністер мен бақша өнімдері 3 161 га (1,7%).
-Ағымдағы жылы алдағы жаздық егіс көлемі 137 458 гектарды құрайды.
2021 жылы жалпы ауданы 17 000 га, 2022 жылы 17 909 га немесе 105,3% нөлдік технологияны қолдана отырып егістік жерлер өңделді.
Егістік алқаптарының жоспарланған құрылымы негізінен егіншіліктің ғылыми негізделген жүйесіне сәйкес келеді, күнбағыс егістерінен басқа, аудан бойынша орташа үлес салмағы 37,4% құрайды, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ғалымдары ұсынған ең жоғары норма 25%.
Тұқым:
2022 жылғы жаздық егістің жоспарланған көлемін жүргізу үшін 7754,7 тонна дәнді дақылдар тұқымы бар. Бүгінгі таңда "Қазагрэкс" зертханасы тұқым сапасына қайта тексеру жүргізуде. 14.04.2022 жылғы жағдай бойынша тексеруге келіп түскен 5115,7 тонна астықтың немесе 66% – ы 2129 тонна тексерілді және кондициялық болып табылады, оның ішінде 357 тонна – 1-сынып, 1772 тонна-2-сынып.
Тыңайтқыштар бойынша.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың өзектілігін ескере отырып, минералды тыңайтқыштарды енгізудің маңызы зор. 2022 жылғы егінге егістік жердің құнарлылығын арттыру үшін шаруашылықтар 872 тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алуға шарт жасады, оның ішінде 329 тонна тиелді, 233 тонна төленді, 310 тонна ниет шарты.
БАҚ-та жарияланған "ҚазАзот" АҚ аммиак селитра бағасын өнім беруші 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге төмендетті.

Новости
Дата публикации: 22.04.2022
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының жұмысына қоғамдық бақылау
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының жұмысына қоғамдық бақылау

 «Үржар - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалында болып, жұмыс барысымен танысты.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының негізгі функциялары:
-кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өкілдік ету;
-өңірлерде кәсіпкерлік белсенділіктің, кәсіпкерлік қызмет жағдайларының қоғамдық мониторингін жүргізу;
-кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу;
-отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру;
-кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
-инвестициялар тарту және экономиканы әртараптандыру

Кәсіпкерлер Палатасының Үржар аудандық филиалымен, "Бизнестің жол картасы — 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында филиалдың менеджер-кеңесшілерімен бағдарламалар мен құралдар бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтері қамтамасыз етіледі.

2022 жылдың өткен кезеңінде 214 кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұлғаларға 468 кеңес берілді.
ҚР-да ШОБ дамыту және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша Үржар ауданының кәсіпкерлерімен және кәсіпкерлік бастамасы бар тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Үржар ауданының аумағында 5496 бизнес субъектісі тіркелген, оның ішінде:
заңды тұлғалардан-206;
Жеке кәсіпкерлер-2648;
Шаруа қожалықтары-2642, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 106,7% құрады.

Новости
Дата публикации: 20.04.2022
Қоқыс қалдықтарын төгетін полигондарға мониторинг жүргізілді
Қоқыс қалдықтарын төгетін полигондарға мониторинг жүргізілді

«Үржар - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қоқыс төгетін полигондарға мониторинг жүргізді.
Жалпы Үржар ауданы бойынша 53 қоқыс төгетін полигон бар. 2022 жылға санитарлық тазартуға аудан бойынша 25 503 000 теңге қаражат бөлінген. Мониторинг барысында көптеген полигондар арнайы қоршаумен қоршалмағаны анықталып тиісті мекемелерге ұсыныс жіберілді.

 

 

Новости
Дата публикации: 18.04.2022
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары

 «Үржар - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аудандағы жарықтандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Қазіргі таңда ауданда Воронков, Морозов, Титовов көшелерінде жарықтандыру жүйелері мен бағандары қойылған. Алдағы уақытта «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 ауылдық округтерінің көшелерін жарықтандыру жоспарланған, атап айтқанда Қаратал ауылдық округінің 8 көшесін (22 млн.теңге) Көктерек ауылдық округінің 10 көшесін(22млн.теңге) Қаратұма ауылдық округіңің 4 көшесін (22 млн.теңге) Науалы ауылдық округінің 4 көшесін (25 млн.теңге) жарықтандыруға мердігерлерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуле.

Новости
Дата публикации: 13.04.2022
Полиция, көліктік бақылау инспекциясы және т. б. қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізу
Полиция, көліктік бақылау инспекциясы және т. б. қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізу

✅ Полиция, көліктік бақылау инспекциясы және т. б. қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізу

📌«Үржар - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетексісі Жүнісов Мұратхан Досанұлы полиция қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізді.

❗Жүнісов М. Д. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер жүргізді, монитринг барысында видеожетондарды қолдану бойынша ешқандай кемшіліктер байқалған жоқ.

Новости
Дата публикации: 24.02.2022
«Үржар - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қоғамдастық өкілдерімен кездесіп аудандық маңызы бар мәселерді шешу жолдарын қарастырды
«Үржар - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қоғамдастық өкілдерімен кездесіп аудандық маңызы бар мәселерді шешу жолдарын қарастырды

«Үржар - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қоғамдастық өкілдерімен кездесіп аудандық маңызы бар мәселерді шешу жолдарын қарастырды.

Пікір алмасу алаңының басты мақсаты - аудан тұрғындарының тарапынан келіп түскен көптеген шағымдарға байланысты азық-түлік бағасының тұрақтылығын қадағалау болды. Қазіргі таңда тұрғындардың айтуы бойынша ауданымызда бірнеше дүкен азық-түлік бағасын шектен тыс қымбатқа саудалайды және әкімдік тарапынан мониторинг топтары келген кезде ғана бағаны түсіретіндігі белгілі болды. Осыған орай, аудандық қоғамдастық өкілдері мониторинг жұмыстарына өз көмектерін беріп күнделікті сауда-саттық объектілерін қадағалап отыратындарын айтты.

Новости
Дата публикации: 23.02.2022
Кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, жанармай бекеттерінде жанармай бағасысының шекті бағадан асып кетпеуіне қоғамдық бақылау
Кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, жанармай бекеттерінде жанармай бағасысының шекті бағадан асып кетпеуіне қоғамдық бақылау

Кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, жанармай бекеттерінде жанармай бағасысының шекті бағадан асып кетпеуіне қоғамдық бақылау.

 «Үржар - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісі Жүнісов Мұратхан Досанұлы аудандық жанармай бекеттерінде болып жанармай және газ бағалары шекті бағадан асып кетпеуіне мониторинг жүргізді.

 Ауданда барлығы 10 жанар жағар май станциясы және 1 газ құйу станциясы бар. Барлық станцияларда өнімдер бағасы шекті бағадан асып кеткен жоқ.

Новости
Дата публикации: 08.02.2022
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларына мониторинг жүргізу
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларына мониторинг жүргізу

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларына мониторинг жүргізу.

 «Үржар - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісі Жүнісов Мұратхан Досанұлы ауданымыздын дүкендерінде мониторнг жүргізді.

Барлығы 47 объект тексеріліп 12 дүкен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын шекті бағадан асырғаны анықталып, тиісті мекемелерге шара қолдануға құжаттары жіберілді.

Новости
Дата публикации: 08.02.2022
  • 1