Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне Республикалық тексеруді дайындау және жүргізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес, 2022 жылғы 13 қыркүйек күні сағат 12:55 - те, теле арналардың («Хабар», «Қазақстан», «31 арна», «24 KZ», «Евразия», «КТК», «НТК») хабарларын таратуды ұстап қалу аппараттарын жұмылдыра отырып және электр дабылдарын қосу арқылы, Абай облысы құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі.
Тұрғындардан сабырлықты сақтап дүрбелеңге түспеуді өтінеміз.
Төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындауы кезінде халықтың назарын аудару үшін электр дабылдары немесе басқа да сигналдық құралдар қосылады, бұл «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналының берілетінін білдіретінін естеріңізге саламыз.
Бұл сигнал бойынша не істеу керек?
Егер Сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде болсаңыз және сирена дыбысын, яғни "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!" дыбыстық сигналын естісеңіз теледидарды жергілікті арналарына қосып, ақпаратты мұқият тыңдаңыз және диктордың нұсқауларын орындаңыз!
"БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дыбысы бұл сирена дыбысы екенін барлық ересектер білуі қажет және балаларға түсіндіруі қажет. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқыбірақ оның себебін түсіндіруді күту керек. Подъезд және тұрғылықты жері бойынша көршілерге хабарлаңыз-олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Кез-келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз.
Сиреналардың жаттығу қосылыстарына түсіністікпен қарап, келтірілген ұсыныстарға сүйене отырып, міндетті түрде өзіңіз жаттығыңыз.
Үржар ауданының ТЖБ







