#ЕНПФ

Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 515 миллиард теңгеге көбейді
Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 515 миллиард теңгеге көбейді

1 наурыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері

2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,6 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.03.2021ж. мен 01.03.2022ж. аралығындағы бір жыл ішінде бұл қаражат 965,5 млрд теңгеге немесе 7,7%, ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 515,1 млрд теңгеге немесе 3,9% ұлғайды.

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен  13,2 трлн теңге (соңғы 12 айда өсім 7,3%) болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 385,5 млрд теңгені (өсім 22,5%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,8 млрд теңгені құрады.

2022 жылдың екі айында БЖЗҚ салымшылары былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2022 жылдың 1 наурызына қарай, салымшылардың шоттарына шамамен 245,6 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (54,1 млрд теңге немесе 28%) артық. Жарналардың жалпы көлемінің 94,6% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 232,3 млрд теңге (соңғы 12 айдағы өсім 28%), МКЗЖ бойынша 13,2 млрд теңге (өсім 33%) түсіп, ЕЗЖ бойынша 180 млн теңге (өсім 73%) аударылды.

Салымшылардың жарналарынан басқа, 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында 522 млрд теңгеден астам таза инвестициялық табыстың арқасында зейнетақы жинақтары айтарлықтай өсті, бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе немесе 304 млрд теңгеге артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша 2022 жылдың басынан бастап инфляция 1,5% болғанда кірістілік 4,0% жетті. Бұл ретте соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде инфляция 8,7% болғанда кірістілік 13,65% көрсетті.

2022 жылдың 1 наурызына қарай, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бірлікке жетті. Шоттардың ең көп мөлшері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 868 109 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 556 918 бірлік, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 66 279 бірлік.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 319,3 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 280,2 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 16,5 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 10,2 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 7,6 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 3,5 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 0,9 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,4 млрд теңге.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 302 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Новости
Дата публикации: 29.03.2022
Екі ай ішінде БЖЗҚ салымшылары таза инвестициялық кіріс есебінен 522 миллиард теңгеден астам табыс тапты
Екі ай ішінде БЖЗҚ салымшылары таза инвестициялық кіріс есебінен 522 миллиард теңгеден астам табыс тапты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 13,6 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың  зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсімі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында инвестициялық табыс шамамен 522,3 млрд теңгеге өсті, бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе немесе 304,4 млрд теңгеге артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2022 жылдың басынан бері инфляция 1,5% болғанда 4,0% құрады. Бұл ретте соңғы күнтізбелік 12 айда инфляция 8,7% болғанда кірістілік 13,65% жетті.

Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістер, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі кірістер, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.   

Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 6,6 трлн теңгені құрады.  Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бері (1998 жыл) инвестициялық кірістілік 2022 жылдың 1 наурызына қарай өсу қорытындысымен барлық кезеңдегі инфляция 556,47% болғанда 712,36% жетті. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 наурызына дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 155,90% көрсетті.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді.

            Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртібінде көре алады. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Новости
Дата публикации: 29.03.2022
5 сұрақ айдары. БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді
5 сұрақ айдары. БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді

1) Қайырлы күн! Қазір бүкіл әлемде жағдай шиеленісіп тұр, доллар мен еуро бағамдары күн сайын артып келеді, сол үшін де БЖЗҚ салымшылары ретінде зейнетақы жинақтарының жай-күйіне қатысты алаңдап отырмыз. Бұл ахуал біздің жинақталған қаражатымызға қалай әсер етуі мүмкін, соны айтып жібересіз бе?

БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы мен алушысының зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотына келіп түсетін жарналардан және есептелетін инвестициялық кірістен құралады. Соңғысы бағалы қағаздар (салымдар және басқа да операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістерден, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. 

Қазіргі кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар басқара алады. Олар инвестициялық табыс алу мақсатында зейнетақы активтерін Қазақстанда және шетелде экономиканың барлық секторларында, бірқатар валюталарда түрлі қаржы құралдарына орналастырады. Әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлі валютада инвестицияланды. 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша инвестициялардың 2/3 теңгемен, 1/3 шетел валютасымен, валюталық инвестициялардың басым бөлігі АҚШ долларымен орналастырылды. 

Нарықтық және валюталық қайта бағалаудан түскен кіріс жеке алынған кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Сондықтан  инвестициялық қызметтің нәтижесінде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері әр түрлі болуы ықтимал. 

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды екенін атап өткен маңызды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді. Мысалы, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сына бөлінген 2021 жылғы таза инвестициялық табыс сомасы шамамен 1,4 трлн теңгені құрап,  бір жыл ішінде түскен жарналар сомасынан асып түсті (1,3 трлн теңге). БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2021 жылы Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен жыл басынан бері 11,13% (бұл мерзімді банктік депозиттер бойынша табыстылықтан жоғары), инфляция 8,4% болды.

Қайткен күнде де, жинақтарыңыздың сақталуы туралы алаңдаудың қажеті жоқ. ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес, мемлекет зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляцияны ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Әлемде баламасы жоқ бұл норма салымшылардың жинақтарын инфляциядан сақтауға ықпал етеді. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен алмастырылады.

           Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртібінде көре алады. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

          БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

   2) Қайырлы күн! Қазір ақшадан тапшылық көріп отырған жайым бар, нәтижесінде тұтынушылық несиемді төлей алмай қалдым. Оның ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарымды ала аламын ба? 

Жеке тұлғалардың зейнетақы активтерін иелену құқығы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 50-бабына сәйкес, заңда көзделген заттық құқықтар түріне жатады және тек қана Заңда айқындалған мақсаттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға пайдаланылуы мүмкін.

Зейнетақы активтерін заттық құқықтар санатына жатқызу зейнетақы жинақтарын иеленетін салымшы (алушы) оларды заңдарда көзделген белгілі бір шарттар орындалмаса пайдалана алмайды, әрі оларға билік ете алмайды дегенді білдіреді.

Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері ретінде жүзеге асырылады. Және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтары есебінен төленетін сақтандыру төлемдері түрінде, сондай-ақ, Заңның 31-бабының 1-1-тармағында көрсетілген адамдардың тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуіне ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

Зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдардың тізбесі:

* Заңның 31-бабының ережелерімен бекітілгендей, БЖЗҚ-дан МЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар:

1) Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес, зейнет жасына толған әйелдер, зейнет жасы: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 60,5 жас, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 61 жас, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 61,5 жас, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 62 жас, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап-62,5 жас, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап-63 жас.

2) Заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде салымшы 45 жасқа толған кезде;

3) мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

* өз пайдасына немесе жұбайына (зайыбына), немесе жақын туыстарына емделу үшін және (немесе) тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында МЗЖ есебінен төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға құқы бар Заңның 31-бабының 1-1-тармағында айқындалған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар:

егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері жинақталған зейнетақы қаражатының ең төменгі жеткіліктілік шегінен артық болса;

егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамтылым сомасы алушының орташа айлық кірісінің орнын ауыстыру коэффициентін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіп бойынша 40 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз етсе. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнетке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі;

егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса.

Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жоғарыда көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асыруға құқылы екенін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының заңнамасында тұтыну несиелерін төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану көзделмеген.

3) Сәлеметсіз бе! Күйеуіммен ажырасып кеткенмін, алайда бұрынғы жұбайымның туыстары зейнетақы жинақтарымның сомасын білгісі келеді, әрі сол жинақтарымды алуға мені күштеп көндірмекші. Айтыңызшы, БЖЗҚ-дан менің жинақтарым туралы үзінді көшірмені менен өзге біреулер ала ала ма?

Алаңдамаңыз. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, БЖЗҚ кепілдік беретін зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қаржының қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиди және  зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.

Осылайша, БЖЗҚ ЖЗШ-дан үзінді көшірмені сізге немесе нотариалды түрде куәландырған сенімхат арқылы сенім білдірілген тұлғаға ғана бере алады.

4) Үш жыл бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын алдым, оған дейін Бішкекте тұрдым, әрі Қырғызстан Республикасында еңбек өтілім болды.  Жақында ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру келісімі туралы жаңалықты оқып қалдым, енді мен зейнетке шыққанда туған елдегі өтілім үшін төлемдер ала аламын ба, жоқ па, соны түсінгім келеді?

29.05.2014 жылғы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасымен, сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық шартқа сәйкес реттеледі.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер –Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы осы халықаралық Келісім 01.01.2021ж. күшіне енді.

Келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен тең дәрежедегі тәртіппен ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады. Яғни, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет одаққа мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына өз елінің зейнетақымен қамсыздандыру құқықтарының шарттарына тең көлемде кепілдік беруге тиіс.

Өтпелі ережелерді қамтитын Келісімнің 12-бабында зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

Келісім күшіне енгеннен кейін алынған жұмыс өтілі үшін зейнетақыны сол жұмыс өтілі болған ЕАЭО-қа мүше мемлекет тағайындайды және төлейді;

Келісім күшіне енбес бұрын болған жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасы және 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге сәйкес тағайындалады және төленеді.

Демек, Келісімнің нормалары Келісім күшіне енгеннен кейін (01.01.2021 ж.бастап), ресми жұмысқа орналасу шартымен, еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасып, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне сақтандыру (зейнетақы) жарналарын міндетті түрде төлеумен еңбекшілердің алған жұмыс өтіліне ғана қолданылады.

5) Мәселен, көршім өзінің зейнетақы жинақтарын баспанаға алып қойды делік, мен алған жоқпын, алайда болашақта екеуіміздің зейнетақымыз бірдей болады деген сөз рас па? 

Біздің елде көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда зейнетақыны бірнеше көзден алу қарастырылған. Бұл мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдер – базалық және ортақ зейнетақы, сондай-ақ,  жинақтаушы зейнетақы.

Мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақы – бұл мемлекеттен қосымша төлем емес, оның еңбек өтілін ескере отырып, әрбір азамат үшін заңмен белгіленген төлемдер.

Мемлекеттік базалық зейнетақы республикалық бюджет туралы Заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс (ЕТК) шамасының 54 пайызы мөлшерінде төленеді. Оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асатын әрбір толық жылы үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТК шамасының 2 пайызына, бірақ 100 пайызынан аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.

Бұл ретте ортақ төлем 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар адамдарға тағайындалады және еңбек өтіліне лайықты етіп жүзеге асырылады.

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы 1998 жылдан бастап енгізілді, яғни әрбір азамат еңбек қызметі барысында БЖЗҚ-дағы өзінің жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын аударып, одан зейнетақы төлемдерін алады.

Осылайша, БЖЗҚ-дан жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіндегі зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты, ал бұл өз кезегінде зейнетақы жарналарының мөлшеріне, оларды аудару жүйелілігіне, инвестициялық қызметке байланысты болады. Бұл ретте зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанша жүзеге асырылады. Өз зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді 24/7 тәртібінде жеке кабинеттен және БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің мобильді қосымшасынан алуға болады.

Тиісінше, зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне және көп жағдайда жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың мөлшеріне байланысты. Әрине, зейнетақы жинақтары біржолғы төлем ретінде алынған жағдайда азаяды. Осы ретте болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін enpf.kz сайтындағы зейнетақы калькуляторының көмегімен есептеп шығарып, сол арқылы мерзімінен бұрын алу келешекте зейнетақы төлемдерінің көлеміне қалай әсер ететінін көруге болады.

Новости
Дата публикации: 15.03.2022
БЖЗҚ жұмыс берушілер үшін жаңа опцияны енгізді
БЖЗҚ жұмыс берушілер үшін жаңа опцияны енгізді

Зейнетақы қызметтерін ұсынуды жақсарту мақсатында БЖЗҚ «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жаңа жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.

Бұл сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді және сервис міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

БЖЗҚ мамандары 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі» тақырыбында өтетін Ашық есік күнінде жаңа сервистің қалай жұмыс істейтіні жөнінде айтып беретін болады.

Кездесуге Қор салымшыларының барлық санаттары, ең алдымен ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің қатысушылары шақырылады.

Іс-шараны өткізу барысында enpf.kz сайтында заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады. Қордың жауапты қызметкерлері тұрақты жарналар арқылы зейнетақы капиталын қалыптастыру қажеттілігі туралы және бұл үдерістегі қызметкердің, сол секілді жұмыс берушінің рөлі туралы айтып береді, сондай-ақ салымшыларды қызықтыратын басқа да мәселелер бойынша жеке кеңес береді. 

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сағат 10:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e51028ae0f364912d1efb1eb360c10623  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2519 598 0298 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022

Әр қатысушыға сағат 12:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e3513174a01a5a4ad75f30b21f3bef6fe  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2513 347 3601 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022

Әр қатысушыға сағат 14:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e76ffbebb5141d7439ff75f379ee4cc01  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2513 119 8597  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022.      

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

Новости
Дата публикации: 15.03.2022
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

Тақырыбы: «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі».

БЖЗҚ 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – салымшыларға заңды тұлғаның жеке кабинетімен, заңды тұлғалар үшін «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерімен, сондай-ақ салымшылар ретінде оларға қолжетімді қызметтер тізбесімен таныстыру жөніндегі ақпаратты ұсыну болып табылады.

Ашық есік күні Қор салымшыларының барлық санаттары үшін, соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес қатысушылары үшін өткізіледі.

Іс-шараны өткізу барысында салымшыларға (алушыларға) заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады.

Сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді. Қазіргі уақытта сервис пайдаланушыға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген Электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

Сондай-ақ кездесу барысында жауапты қызметкерлер салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.         

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 18 наурызда сағат 10:00, 12:00, 14:00 онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сағат 10:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e51028ae0f364912d1efb1eb360c10623  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2519 598 0298 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022

Әр қатысушыға сағат 12:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e3513174a01a5a4ad75f30b21f3bef6fe  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2513 347 3601 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022

Әр қатысушыға сағат 14:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e76ffbebb5141d7439ff75f379ee4cc01  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2513 119 8597  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!  

Новости
Дата публикации: 15.03.2022
БЖЗҚ-ның қандай қызметтерін жеке куәліксіз алуға болады?
БЖЗҚ-ның қандай қызметтерін жеке куәліксіз алуға болады?

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін цифрлық қызметтер желісін кеңейтуде. Бүгінде жеке зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан жеке куәліксіз алуға болады. Ол үшін еGovMobile мобильді қосымшасында жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің электрондық нұсқасымен БЖЗҚ бөлімшелеріне жеке өзі келгенде төмендегі қызметтерді алуға болады:

жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;

деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау).

Енді жеке куәліктің электрондық нұсқасының көмегімен алынатын жоғарыда аталған қызмет түрлеріне зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асыру мүмкіндігі қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ бөлімшелеріне жеке өтініш білдірген кезде БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аудару үшін мынадай құжаттар қажет:

1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы, не шолу үшін цифрлық құжаттар қызметінен электрондық құжат;;

2) зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы/салымшы (алушы) сақтандыру ұйымымен жасасқан қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің түпнұсқасы;

3) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш.

Жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасын БЖЗҚ бөлімшелеріне салымшы тікелей өзі келгенде пайдалануға болатынын атап өтеміз.

Егер жүгінген тұлғада жеке басын куәландыратын құжат жарамсыз болып табылса, онда eGovMobile мобильдік қосымшасында да құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Новости
Дата публикации: 11.03.2022
2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану үшін 1 миллионнан астам өтінішті орындады
2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану үшін 1 миллионнан астам өтінішті орындады

2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 867 853 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,7 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,1 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,7%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,4%), Маңғыстау облысының (11,6%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат жарияланған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар: «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ  болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,1%) бөлігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,5%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (1,3%), «Altyn Bank» АҚ (0,05%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (0,03%) арқылы берілді.

Естеріңізге саламыз, біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының 13-тармағы аясында) ұсынады. Бұған тұрғын үй сатып алу немесе жеке тұрғын үй салу мақсатында (жеке тұрғын үй құрылысы деген нысаналы мақсаты бар жер телімін сатып алуды қоса алғанда) одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысына салымды толықтыру жатпайды. Бұл жағдайда алушы Отбасы банкіне біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 3 жыл ішінде береді. Басқа уәкілетті операторлар (екінші деңгейдегі банктер) бойынша біржолғы зейнетақы төлеміне арналған өтініштер және алушының мақсаттары бойынша құжаттары Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіп пен мерзімге сай қаралады. Бұл ретте, банк біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары өтініш берушінің (алушының) арнайы шоттарына есептелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде олардың нысаналы мақсаты бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін аударады. Уәкілетті операторға растаушы құжаттар белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Алушы, сонымен қатар көрсетілген мерзімді күтпей-ақ, аударылған соманы уәкілетті операторға тиісті өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны уәкілетті оператор қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 379,9 млрд теңгеден аса қаражат қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

Сонымен қатар, БЖЗҚ емделуге берілген 176,4 млрд теңгеге 198 657  өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,9 млн теңге. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 19,9 млрд теңге қайтарылды. Аталған қаражат өтініш берушінің өтініші немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөніндегі өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінен танысуға болады.

2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 7,6 млрд теңге аударылып, БЖЗҚ 4 514 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,7 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша егжей-тегжейлі статистика enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру» бөлімінде жарияланған.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Қордың enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізбесі» бөлімінде осы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады. Айта кетейік, 7,6 млрд теңгенің 45,86% немесе 3,46 млрд теңгесі «Jusan Invest» АҚ, 27,65% немесе 2,09 млрд теңгесі «Halyk Global Markets» АҚ, 15,97% немесе 1,21 млрд теңгесі «BCC Invest» АҚ, 10,53% немесе 0,80 млрд теңгесі «Сентрас Секьюритиз» АҚ аударылды.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылдың 3 наурызындағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5%  аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін.

Салымшы зейнет жасына толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Ал зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып, есептелінеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Новости
Дата публикации: 11.03.2022
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істегеннен бері зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 130,46 % құрады
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істегеннен бері зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 130,46 % құрады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңге болды. Бұл қаражат зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

Қаржы нарықтарындағы, оның ішінде Қазақстандағы және шетелдегі қаңтар айындағы саяси жағдайға байланысты тұрақсыздыққа қарамастан, 2022 жылдың бірінші айындағы таза инвестициялық табыс оң сипат алып, 10,6 млрд теңгеге жетті.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді.

Мысалы, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сына бөлінген 2021 жыл барысындағы таза инвестициялық табыс шамамен 1,4 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл ішінде түскен жарналар мөлшерінен асып түсті (1,3 трлн теңге). БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік ҚР Ұлттық Банкінің басқаруымен былтыр жыл басынан бері 11,13% көрсетсе (бұл мерзімді банк депозиттері бойынша табыстылықтан жоғары), инфляция 8,4% болды.   

Жалпы алғанда, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап (2014 жыл) Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 2022 жылдың 1 ақпанында 6,05 трлн теңгеге жетті, бұл қазақстандықтардың барлық зейнетақы жинақтарының 36,7%.  Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) инвестициялық табыстылық 2022 жылғы 1 ақпанда өсу қорытындысымен 681,75% құраса, барлық кезеңдегі инфляция 551,29%. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 130,46% жетті.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерін басқарушылар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ)) инвестициялық табыс алу мақсатында зейнетақы активтерін Қазақстанда және шетелде экономиканың түрлі секторларындағы әр түрлі қаржы құралдарына, әр түрлі валюталарға орналастырады. Мұндай әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етеді. Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа да операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістерден, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. құралады.

Нарықтық және валюталық қайта бағалаудан түскен кіріс жеке алынған кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Сондықтан инвестициялық қызметтің нәтижесінде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері әр түрлі болуы ықтимал.

Жалпы, ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес, мемлекет зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляцияны ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Әлемде баламасы жоқ бұл норма салымшылардың жинақтарын инфляциядан сақтауға ықпал етеді. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен алмастырылады.

            Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртібінде көре алады. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Новости
Дата публикации: 09.03.2022
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

БЖЗҚ өз қызметтерінің  94 пайыздан астамын электрондық форматта көрсетуде

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың бірінші айында өз салымшыларына 3,2 миллион қызмет көрсетті.

БЖЗҚ қызметтерінің 94% астамын індет кезеңінде ыңғайлы, жедел және қауіпсіз болып табылатын онлайн тәртібінде көрсетуде. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметтерін ала алады. Онлайн қызметтердің 2,1 миллионнан астамы немесе жалпы көлемнің 66,5% БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетілген.

БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқа қызмет түрлері.

Сонымен қатар, Қорда қызмет көрсетудің өтінімсіз түрі де дамыған. Мысал ретінде айтсақ, оған міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу кіреді. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна келіп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте тұлғаның жеке басын сәйкестендіру МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ салымшысының қолданыстағы құжатының деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алынады. Өтінімсіз тәртіпте жыл басынан бері 0,9 миллион қызмет немесе жалпы көлемнің 27,8% көрсетілді.

Кеңсеге келіп қызмет алу түрі де танымалдығын жоғалтқан емес.  БЖЗҚ-ның Қазақстан бойынша 176 бөлімшесінде 2022 жылдың бірінші айында салымшыларға 116 мың қызмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, Қордың жақын жердегі бөлімшесі туралы www.enpf.kz сайтынан немесе ENPF мобильді қосымшасынан тез білуге болады.

Жалғасып жатқан індет пен қыстың күні қырауда БЖЗҚ салымшылары барынша қашықтан кеңес алуды жөн көріп отыр. Бірнеше минут ішінде біздің қызметкерлер кез-келген сұрақтарға жауап бере алады. 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, кері байланыс арналары арқылы салымшылардан 65,6 мың өтініш келіп түскен.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығы, www.enpf.kz корпоративтік сайты, сондай-ақ, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында ақыл-кеңестер ала алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Новости
Дата публикации: 24.02.2022
БЖЗҚ: қазақстандықтардың зейнетақы жарналары 30 пайызға жуық өсті
БЖЗҚ: қазақстандықтардың зейнетақы жарналары  30 пайызға жуық өсті

БЖЗҚ: қазақстандықтардың зейнетақы жарналары  30 пайызға жуық өсті

БЖЗҚ-ның 2022 жылдың 1 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері

2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен  12,7 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 367,8 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,7 млрд теңге.

2022 жылдың бірінші айында БЖЗҚ салымшылары былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 30% дерлік көп қаражат салған. 2022 жылдың 1 ақпанына қарай, салымшылардың шоттарына шамамен 114,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 26,1 млрд теңгеге артық. Жарналардың жалпы көлемінің 93,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 107,2 млрд теңге (өсім 29%), МКЗЖ бойынша 7,6 млрд теңге (өсім 28%) түсті, ЕЗЖ бойынша 72 млн теңге (өсім 149%) аударылды. Сонымен қатар, бір айда таза инвестициялық табыс 10,6 млрд теңге болды.

2022 жылдың 1 ақпанына қарай, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бірлікке жетті. Шоттардың ең көп мөлшері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 865 718 бірлік. Одан әрі МКЗЖ-нан қалыптасқан шоттар – 550 405 бірлік, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 63 471 бірлік.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 113,2 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 97,0 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 6,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 3,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 3,5 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 1,6 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 0,4 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңгені құрады.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 200 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 548 741 теңге болды.

  • 1
  • 2