Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 «Абай облысы Үржар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72  «Абай облысы Үржар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Құрметті Абай облысының тұрғындары Сіздерді «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 қаулысына өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы».

НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id= 15389809

 

 

Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72

«Абай облысы Үржар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

            Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5035 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасының 1-тармағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылып келесі редакцияда жазылсын:

«5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

6) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.