«Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»

Құрметті Абай облысының тұрғындары Сіздерді «Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15386988
Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 5-113/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Үржар аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 124-18) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 7-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік шамасынан аспайтын адамдарға (отбасыларға) бір рет көрсетіледі;».
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.