22 наурыз Ұлыстың ұлы күні ауылымызда 1983 жылы туылған азаматтарымыздың демеушілігімен « Қош келдің, Әз Наурыз» тақырыбымен мерекелік іс- шара өтті. 1983 жылғы азаматтар, әкімшілік, мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі қазақ үй, алтыбақан құрып, дастархан жайса, интернат ұжымы ыстық бауырсақ пен наурыз көже пісіріп таратты. Спорттық ойындардан қол күрес, арқан тартыс (ерлер, әйелдер), тай жарысы және жасөспірімдер арасында күрестен «КӨКБАЙ БАРЫСЫ-2024» өтті. Кіші топтан «КӨКБАЙ БАРЫСЫ-2024» Жұмағалиев Бекзат болса, үлкен топтан «КӨКБАЙ БАРЫСЫ-2024» Шәкебай Әлем болды. Спорттық ойындарда орын алған командаларға, оқушыларға ақшалай қаражаттар таратылды. Мектептен атты оқушылар, балабақша, интернат ұжымдары шеру жасап, орталық алаңда жүріп өтті. 1983 жылғы туылған азаматтарымызға, мерекелік іс-шараға ат салысқан мекемелерімізге, ауыл тұрғындарына алғыс білдіреміз.